Академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті

Бүгін 82 жасқа қараған шағында академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті, деп хабарлайды "Новости-Казахстан" агенттігі.

Академик Мұхтар Әлиев дүниеден өтті

Мұхтар Әлиев

Ғалымның дүниеден өткені туралы ақпаратты А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың мамандары хабарлаған. Орталықтың мәліметтеріне қарағанда, ғалым 12-қаңтар күні таңертең көз жұмған. Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы қаласындағы медициналық институтты бітірген. Түрлі медициналық мекемелерде хирург болып еңбек еткен. 1982-1987 жылдары Қазақ ССР-нің Денсаулық сақтау министрі болып қызмет етті. Кейіннен ғылыми орталықтарда басшылық қызметтерді атқарды. 2008 жылдың наурызында Мұхтар Әлиев Австрияға емделу үшін аттанған болатын. Академикке қарсы Қазақстанда "қаруды заңсыз сақтау" бабы бойынша айып тағылды. Оның Австриядан елге қайтуына бірқатар саясаткерлер мен журналистер тобының жазған үндеуі себеп болды. 2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың қазанына дейін академик Венада, кейін Лондонда тұрды. Алайда 2008 жылдың 4 мамырында ол Венадағы Қазақстанның елшілігіне ерікті түрде келіп, өз баласы Рахат Әлиев оны Австрияда күштеп ұстап тұрғанын мәлімдеді. 2008 жылдың 5 мамырында ол өз еркімен елшілік аумағын тастап, Англияға кетті. 2009 жылы Қазақстанға оралған болатын.

Источник: NUR.KZ