2015 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2015 жылы ел тұрғындарының қанша күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы radiotochka.kz сайтына сілтеме жасапNUR.KZ хабарлайды.

2015 жылы қазақстандықтар қалай демалады? Қаңтар айында қазақстандықтарды 12 демалыс күні күтеді: сенбі (5 күн), жексенбі (4 күн) және бүкілхалық болып атап өткен Жаңа жыл (1-2 қаңтар) және Рождество (7 қаңтар) мерекелері.

Ақпан, сәуір, маусым, қазан және қараша айларында қандай да бір мерекелік демалыстар жоқ. Сол себепті, ел тұрғындары тек сенбі, жексенбі күндері демалады. Қазақстандықтарды ең ұзақ демалыс наурызда күтеді. Наурыз айында мерекелік мен демалыс күндеріне орай 13 күн демалыс берілмек. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі, 9 наурыз күні де демалыс болмақ. Наурыз мейрамына орай тұрғындар 5 күн демалады: 21-23 наурыз мерекеге орай демалыс, яғни, сенбі және дүйсенбі аралығы. Ал мерекенің алғашқы екі күні демалыс күндеріне тап келгендіктен, 24-25 наурыз күндері де демаламыз. Мамыр айында ел тұрғындарын үш мереке күтіп тұр: 1 мамыр (жұма) – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр (бейсенбі) – Отанқорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні (сенбі күніне сәйкес келгендіктен, демалыс 11 мамырға ауыстырылады). Шілде, тамыз және қыркүйек айларында бір-бір мерекеден бар: 6 шілде - Астана күні дүйсенбіге тап келіп тұр. 30 тамыз күні еліміз басты мереке – Конституция күнін атап өтеді. Мереке демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, тағы бір күн артық демаламыз. 24 қыркүйек күні мұсылмандардың Құрбан-айт мерекесі тойланады. Желтоқсанда Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күні тойланады. Осылайша, 2015 жылы мереке күндерін қоса есептегенде, Қазақстан тұрғындары 120 күн демалады.

Источник: NUR.KZ