Черчилль Исламды қабылдаған ба?

 Ұлыбританияның бұрынғы әйгілі премьер-министрі Уинстон Черчилль Шығыс құндылықтарына, соның ішінде Исламға қатты қызығушылықпен қараған адам болған екен, деп жазады islam-orkeniet.kz. 

Тіпті, бір кездері Ислам дінін қабылдағысы да келген. Кембридж университетінің ғалымы Уоррен Доктер тапқан хат бұл сөзіміздің рас екенін дәлелдейді. Бұл хат – 1907 жылы премьер-министрдің ағасы Джек Черчилльдің әйелінің жіберген телеграммасы екен. Ол Уинстонға жазған хатында: «Өтінемін, Исламды қабылдама. Мен сенің Шығысқа өте қатты қызығушылығыңды байқап жүрмін, сен пашаға ұқсап кетесің», – дейді. Премьер-министр өзінің жазған жауабында: «Сондай болғым келеді», – деген. Ғалымның айтуынша, Уинстон Черчилль Суданда әскери борышын өтеген кезде Шығыс әлеміне деген қызығушылығы оянған. Оның араб достары да болған. 1940 жылы Черчилль 100 мың фунт стерлинг көлемінде қаражат бөліп, Лондонның орталық мешітін салғызғанын айта кету керек.

BNews.kz