Ақан Сатаев басты рөлдерді шетел актерлері ойнаған "Хакер" фильмін түсірді
2015 ж. 10 қаңтар
1803
0
Танымал кинорежиссер Ақан Сатаев "Хакер" киносының афишасын жариялады. Режиссер афишаны өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті деп жазадыbaistars.kz.
Афишада жаңа туындының жақын арада прокатқа шығатыны белгілі болды. Естеріңізде болса, "Сатайфильм" кинокомпаниясы канадалық "Know Rules Media" кинокомпаниясымен бірігіп, "Хакер" киножобасын қолға алып, 2013 жылы түсірілім жұмыстарын бастаған болатын.
Сондай-ақ, Қазақстандағы ең табысты режиссер саналатын Ақан Сатаев бұған дейін "Рекэтир", "Жаужүрек мың бала", "Адасқандар", "Ликвидатор" атты картиналарды түсіріп, отандық кинематографияда өз беделін мықтап бекемдеген суреткер.
"Хакер" драмалық триллері Ақан Сатаевтің алғашқы батыстық жобасы. Тимур Жақсылықов пен жас кинематографшы Санжар Сұлтанов жазған сценарийдің желісі бойынша, кинофильмде несие картасын алаяқтық жолмен бұзып күн көретін хакердің шынайы өмірі баяндалады.
