Мәжіліс депутаты жүргізушілердің наразылығына қарсы шықты

Қоғамда талқыға салынған көліктегі балаларға арналған орындық турасында Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева өз пікірін білдірді.

Мәжіліс депутаты жүргізушілердің наразылығына қарсы шықты Ол аталмыш норманың қоғамда түсінбеушілік пен наразылық тудыруының мәнін түсіндірген.

"Заңға енгізілген айтарлықтай өзгерістерді мен көрмедім. Көлікте ең бастысы қауіпсіз болу керектігі бәріне аян. Жаңа енгізулер негізінен артқы орындықтар турасында. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғы болуы тиіс. Заң осыдан жарты жыл бұрын енгізілген, неге қазір ғана талқыға салынуда? Тұрақ туралы заңға байланысты өзгертулерді депутаттар уақытылы алып тасталды.  Жауапты мемлекеттік органдар қоғам арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізбей, тек адамдар наразылық білдіре бастағанда ғана қолға алғандары басқа мәселе", - деді Айгүл Соловьева.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғы болуы тиіс. Заң осыдан жарты жыл бұрын енгізілген, неге қазір ғана талқыға салынуда?

Депутат аталған екі баптың халықаралық құқықтарға сай екенін айтты. Алайда, Қазақстанда  тиісті инфрақұрылымдар дайындалмаған. "Жол-көлік оқиғаларында балалардың өлімі аз емес. Мысалы, 2015 жыл басталысымен, 7 күннің ішінде 6 бала көз жұмып, 17 бала  жарақат алған. 2014 жылы балалардың қатысуымен 1399 көлік оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 89-ы қайтыс болып, 1704-і мүгедек болып немесе жарақат алған. 2013 жылғы көрсеткіш жоғары болды", - деді депутат. Айгүл Соловьева көзі нашар көретіндіктен көлік жүргізбейді. Бірақ балаларға қатысты қауіпсіздік шараларын қадағалайтын туысқандары үшін жауап бере алады. Ол балаларға арналған орындықтардың бағасы туралы да өз пікірін білдірді. "Сұраныс және ұсыныс нарық экономикасында айтарлықтай рөл ойнайтыны белгілі. Бірақ мемлекеттік органдар бұны елеп-ескеріп, қалыпқа келтіреді деген ойдамын", - деді Соловьева.

Источник: Алматы ТВ