Қазақстан мен Белоруссияны басып алуға шақырған редактор 5 жылға соттала ма?

Ресейлік редактор орыстарды Қазақстан мен Белоруссияны басып алуға шақырды

"Украина, Белорусия және Қазақстанды басып алу керек! Олар большевиктердің құрып кеткен өтірік мемлекеттері..."

Ресейлік редактор Қазақстан мен Белоруссияны басып алуға шақырды Одақтас Ресейдің бір басылымында осындай үндеу жарияланды деп хабарлады Таң телеарнасы.

"Спутник и погром" ақпараттық порталының бас редакторы Егор Просвирнин Ресей көрші мемлекеттерді жаулап алуы тиіс деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің мақаласында жариялапты. Оның пайымдауынша, орыс ұлттық мемлекетін құру үшін Новороссия, Малороссия, Белоруссия және Оңтүстік Сібірді яғни солтүстік Қазақстанды қайтару керек. Мақалада ол Украина, Белорусия, Қазақстан большевиктер қолдан құрған мемлекет. Аталған елдерде миллиондаған орыстар тұрады, уақыт өте олар ассимиляцияға ұшырауы мүмкін деп алаңдаушылықта білдірген. Айта кететін жайт, Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінде ашық түрде соғысқа шақырған адамдарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Источник: NUR.KZ