Кәсіпкер полицейді қамшымен сабаған

Ақтөбе облысында шаруа қожалығының басшысы полиция қызметкерін өз әйелімен шатастырып, қамшымен сабап тастады.

26 желтоқсан күні Шалқар қаласындағы шаруа қожалығының 37 жастағы басшысы Аққайтым ауыры арқылы өз қыстауына бармақ болған. Ол қыстауына жай бармай, қару асынып алады.

Ат үстінде қару асынып бара жатқан бейтаныс адамды ауылдағы инспектор дереу байқап, шаруа қожалығының басшысынан қаруға қатысты құжатты көрсетуін талап етеді. Сол кезде ашуға булыққан шаруа қожалығының басшысы аттан түсепеген күйінде қамшысын алып полиция қызметкерін қамшылап тастаған. Онымен қоймай, заңды түрде тіркелмеген қаруымен қоқан лоққы көрсетіпті. Кейін ол бұл әрекетін полицияны әйелімен шатастырып алғанымен түсіндірді. Бүгінде қожалығының басшысынан үйінен шықпау туралы қолхат алынды.

Источник: NUR.KZ