Серік Ахметовтің үйқамақта отыратын мерзімі ұзартылды

Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталған бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовтің үй қамауында болу мерзімі тағы бір айға, 2015 жылдың 18 ақпанына дейін ұзартылды.

Серік Ахметовтің үйқамақта отыратын мерзімі ұзартылды Бұл туралы Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз хатшысы Әлия Жошева хабарлады.

"Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен тергеу өтінішімен Қылмыстық Кодекстің 176-бабы 4-бөлімі "б" тармағы бойынша айыпталған Серік Ахметовтің үй қамағында болу мерзімі 3 айға, яғни 2015 жылдың 18 ақпанына дейін ұзартылды", - деді Жошева. Еске сала кетейік, осыған дейін сот Ахметовке 2 айға дейін үй қамағында болу шарасын санкциялаған. Бұл мерзім 2015 жылдың 18 қаңтарында аяқталады. Бұрын хабарланғандай,  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының "Сарыарқа" ӘКК" ҰК, "Металлургия-металл өңдеу" индустриялық паркі, "ҚазАгроҚаржы" АҚ бұрынғы басшылары Б.Әбдішев, М.Смағұлов, А.Эссе, Ғ.Рақымжанов және басқа да тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бірқатар аса ауыр қылмыстық істер тергелуде. Тергеу істерінің аясында Серік Ахметов ұсталып, кейін оған айып тағылды. Серік Ахметов 2009 жылдың қарашасынан 2012 жылдың қаңтарына дейін Қарағанды облысының әкімі болған. Кейін  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары,  Премьер-Министр қызметтерінде болған. 2014 жылдың 3 сәуірінен 22 қазанына дейін  Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

Источник: ИА "Казинформ"