Жириновскийдің Қазақстанды кемсітіп айтқан мәлімдемесі тексерілетін болды

Ресейдің либеральдық демократиялық саяси партия басшысы Владимир Жириновскийдің үстінен шағымданған заңгер Асқар Қаймақовтың арызы бойынша Ресейдің тергеу комитеті тексеру жүргізбекші.

Жириновскийдің Қазақстанды кемсітіп айтқан мәлімдемесі тексерілетін болды Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды деп жазады Алаш айнасы.

Заңгер Отан қорғаушылар күні өткен митингідегі сөзіне байланысты Владимир Жириновскийді қылмыстық жазаға тартуды талап еткен арыз хатын Ресейдің бас прокуратурасына 2014 жылдың ақпан айының соңында жолдаған. Екі айдан соң заңгер өзінің бұл арыз хатына жауап та алған. Онда оның арызы тергеуге дейінгі тексеруден өтуі үшін Ресейдің Тергеу комитетіне жөнелтілгендігі айтылған. Асқар Қаймақов қатты айтқан сөзі үшін Владимир Жириновскийді Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша жазаға тартуға болатынын айтады: "Жеккөрушілікті немесе араздықты туғызу", "Ашықтан ашық экстремистік әрекетке үндеу" және "Ашықтан ашық басқыншылық соғысты бастауға шақыру". Заңгер Жириновский тек Қазақстанды ғана емес, сонымен қатар басқа елдерді де кемсітті, соның ішінде Украина да бар дейді. Ресейдегі Отан қорғаушылар күніне арналған жиында саясаткер: "Орта Азияда ешқандай республика жоқ. Ортаазиялық федеральдық округ бар, басты қаласы – Верный! Бүгіндері оның бөтен аты бар: Алма-Ата – менің туған қалам. Оны Өзбекстан, Қырғызия, Тәжікстан, Түркімения, Қазақстан ойлап тапқан. Ортаазиялық федеральдық округ!" - деп мәлімдеген. Жириновскийдің бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресей СІМ-не нота жолдаған. Өз кезегінде Ресейдің Федеральдық жиыны Мемлекеттік Дума аппараты жетекшісінің орынбасары Юрий Шувалов Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасында қандай да бір өзгерістің болуы мүмкін емес деп мәлімдеген. Оның айтуынша, бұл арада саясаткердің сөзін дұрыс жеткізбеу сынды қандай да бір түсінбестік болған.

Источник: NUR.KZ