Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: «ЖАС ҚАЗАҚ ҮНІ» – ҰЛТТЫҢ ШЫНАЙЫ ЖАНАШЫРЫ

1
1146

Жылдан-жылға қарай өзекті тақырыптарды көтеріп келеді. Ұлттың мүддесін көздеген, батырлығы мен тапқырлығы жететін еліміздегі ең бір кемелді басылым. 

  Ұлттың шынайы жанашыры, осыған қуанамын. Басшыларды жоқтап, халықты жақтайтын газет. Шындықты айтудың өзі – майдандағы ерлікпен тең емс пе? Осы журналистерге күш- қуат, жігер тілеймін. Хамит Ерғалиевтың айтқан бір сөзі бар-тын: « Так держать!». Менің газетке тілерім де сол.

«Жас қазақ үнінің» үні зорая берсін. Жігіттің үш кезеңі болады. Біреуі  – күш-қайратының толысып, білегінің жуандайтын кезі, екіншісі – мойынының жуандайтын шағы болса, үшіншісі – даусының жуандайтын уақыты. Яғни, дауысы жуандау – үлкен бір биіктік. Осындай биіктікті мен шындықты батыл айтып жүрген « Жас қазақ үніне» тілеймін! Мұндай газеттерді елдің бәрі оқуы керек! Ендеше жер-жердегі қазаққа үндерің жете берсін дегім келеді.

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз