Отандық фильм California Film Awards бриллиант сыйлығына ие болды

"Қарағандыдағы ұмытылғандар" фильмі (Los olvidados de Karagandá) 2014 жылғы үздік деректі фильмі атанып, California Film Awards-тың (Diamond Awards, Documentary Film Competition) бриллиант сыйлығына ие болды.

  2014 жылы "Nexos" қауымдастығының өкілдері Сыртқы істер министрлігінің қаржылай қолдауымен Қарлагта қамалған испандықтар туралы толық метражды 50 минуттық фильм түсірді.

2013 жылы қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев Испания үкіметінің төрағасы М.Рахойға Қарлагта қамауда болған испандықтардың 152 мұрағат ісін жолдаған. Қазақстан бұрын КСРО құрамында болған елдердің ішінде алғаш болып ресми түрде Испанияға мұрағат құжаттарын жіберді. Фильмде куәгерлердің мәлімдемелері, испандықтардың Қарлагқа түсу жағдайы көрініс тапқан. 2014 жылдың 18 қарашасында Испаниядағы Қазақстан Елшілігі EFE Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ресми түрде "Қарағандыдағы ұмытылғандар" фильмін (Los olvidados de Karagandá) таныстырды.

Источник: ИА "Казинформ"