SCAT әлемнің ең қауіпті әуе компаниялары тізіміне енді

Airlineratings.com сайты әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының тізімін жариялады. Рейтинг басында австралиялық Qantas компаниясы тұр.

SCAT әлемнің ең қауіпті әуе компаниялары тізіміне енді Онымен бірге алғашқы ондыққа Air New Zealand, British Airways, Cathay Pacific Airways, Emirates, Etihad Airways, EVA Air, Finnair, Lufthansa және Singapore Airlines енген.

Бағасы арзан (low-cost) әрі қауіпсіз авиакомпаниялардың қатарына Aer Lingus, Alaska Airlines, Icelandair, Jetblue, Jetstar, Kulula.com, Monarch Airlines, Thomas Cook, TUI Fly және Westjet кірген. Ал тізімдегі ең қауіпті әуе компаниялары қатарында қазақстандық SCAT, непалдық Tara Air және Nepal Airlines, ауғанстандық Kam Air компаниялары аталған. Зерттеуге барлығы 449 әуе компаниясы қатысқан. 2013 жылы қаңтардың 29-ы күні Алматы маңында SCAT компаниясына тиесілі Көкшетау-Алматы бағытымен ұшып келе жатқан Challenger-200 ұшағы құлап, борттағы 5 экипаж мүшесі мен 16 жолаушы опат болған еді.

Источник: Азаттық