Астанада "ақылды" үйлер аз...

"Ақылды қала", "ақылды үй" деген сөз тіркесін жиі қолданып жүрміз. Мен осы сөзге таң қаламын. Орыстың "Умный город", "умный дом" деген сөзінен тікелей аударма жасалған. Біртүрлі естіледі. Әйтпесе "умный" деген сөздің жақсы баламалары бар ғой. "Зиялы қала", "дара қала", "қабілетті үй" десе болмай ма?. "Ақылды" деген сөз көбіне балаларға айтылады. Сонда "ақымақ үй", "ақымақ қала" деген де бола ма?! Мысалы мен тұрған үй "ақымақ", қанша ақша төлесең де риза болмайды, біресе суы, біресе жылуы сөніп, босағалары сөгіліп, жел азынап тұрады. Сырты әп-әдемі, жап-жаңа үй. Астананың көп үйлері осындай, "ақылды" үйлер аз. Сонда неге "ақымақ үйлерді" көбейтіп салып жатырмыз?! Шіркін "ақкөңіл үй" деген болса ғой. Ақшаң жетпей қалғанда, пәтерақы төлемей қалғанда, көп балалы отбасыларын кешіретін. Бұқараға кең тарап, қолданысқа ие болатын мұндай сөздер көңілге қонымды саналы сөз болу керек деп ойлаймын. Алмаз сынды әр қырынан жарқырап көріне алатын тілімізді бейшара кейіпке салмау өз қолымызда емес пе?!

Алмахан Мұхаметқалиқызы, Facebook-тегі парақшасынан