Жаңа жол ережесі бала автокреслосын қымбаттатты

16
4148

Жаңа жол ережесі бала автокреслосын қымбаттатты Қазақстанда қаңтардың 7-сінен күшіне енетін жаңа жол қозғалысы ережелерінің кей тұстары қоғамда дау тудырды. Әсіресе, жаңа жылда бағасы күрт қымбаттап, тапшы затқа айналған балаларға арналған автокресло туралы талапқа қатысты жұрттың шағымы көбейді.

Жаңа жол ережесі бала автокреслосын қымбаттатты

Жаңа жол жүрісі ережелеріне енгізілген негізгі он өзгерістің бірі – көліктің шамын күндіз де жағып жүру талабы. Көлік жүргізуге берілетін сенімхат міндетті құжаттар тізімінен алынды. Енді жол инспекторының көлікті себепсіз тоқтатуына тыйым салынады. Көлікті тоқтатқан жағдайда инспектор көлік жүргізушінің жанына келіп, тоқтату себебін түсіндіруі тиіс.

Әсіресе 12 жасқа толмаған балалар көлікте арнайы орындықта отыруы тиіс деген талапқа қатысты әлеумет шағым айтып жатыр.

Қаңтардың 5-і күні Астанада өткен баспасөз жиынында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы Қанат Сәдуақасов «Күшіне енген жол қозғалысы туралы заңда жолаушыға арналған алдыңғы орында автокресло, ал артқы орында баланы бекітіп қоятын арнайы құрылғы немесе баланы қауіпсіздік белдігімен байлап қоюға ыңғайлы жабдық болуы тиіс» деп түсіндірді.

Оның айтуынша, бұл талап «автомобиль салонындағы жолаушылардың бәрі қауіпсіздік белдігін тағып отыруы тиіс» деп көрсетілген жол қозғалысы конвенциясына сүйеніп енгізілген.

Қанат Сәдуақасов «Көлікте баланы қолда ұстап отыру өте қауіпті. Өйткені сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік жол апатына ұшыраған кезде баланың салмағы 30 есе ұлғаяды да, бала алдыңғы терезеден ұшып кетеді немесе оны қолында ұстап отырған жолаушының астында жаншылып қалады. Сондықтан жаңа туған нәрестенің өзін перзентханадан арнайы автобесікке салып алып жүру керек» дейді.

Ол сондай-ақ жаңа жол қозғалысы ережелері бойынша, таксилер де арнайы балалар автокреслосымен жабдықталуы тиіс екенін хабарлады.

«Біз ең әуелі коммерциялық мақсатта кісі тасуға жағдай жасауды емес, таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлауымыз керек. Кез келген көлік жүргізушісі транспорт құралындағы арнайы қауіпсіздік белдігін пайдалануы тиіс», – дейді Қанат Сәдуақасов.

Біз ең әуелі коммерциялық мақсатта кісі тасуға жағдай жасауды емес, таксист болсын, жеке меншік көлік иесі болсын, балаларды тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлауымыз керек.

Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы былтыр сәуірдің 17-сі күні енгізілген бұл ұсыныстың қазанның 20-сында бекітілгенін, осы мерзім ішінде азаматтардың бұл талапқа дайындалуға жеткілікті уақыты болған дейді. Астана қаласы дүкендерінде автокреслоға тапшылық жоқ екенін айтқан ол автокреслолар Кенесары көшесіндегі дүкенде сатылатынын да айтып өтті.

Азаттық тілшісі полиция шенеунігі атаған дүкен мен Астанадағы автокресло сататын өзге дүкендерді аралап шықты. 8-12 жастағы балаларды бекітіп қоятын бустер құралы бес дүкеннің ешқайсысында жоқ болып шықты.

«Қазір бустерлер бітіп қалды, екі аптадан кейін түсе ме деп отырмыз. Бағасы сегіз мың теңгеден (44 доллар шамасында) басталады. Заңға мына өзгерістер енгізілгенге дейін бустерлер төрт мың теңге тұрған. Бірақ сұраныс артқан соң екі есеге қымбаттап кетті», – дейді «Автокреслолар» дүкені менеджері.

Заңға мына өзгерістер енгізілгенге дейін бустерлер төрт мың теңге тұрған. Бірақ сұраныс артқан соң екі есеге қымбаттап кетті

«Авто Беби» және «Бала Боо» дүкендері де бустерлер жоғын, жаңа партиясы қаңтардың аяғында түсетінін хабарлады. Дүкен қызметкерлері 10 жасар балаға арналған Vouager маркалы креслоны 35 мың теңгеге (190 доллар шамасында) сатып алуды ұсынды.

Уәлиханов көшесіндегі «Балалар әлемі» дүкенінде бағасы тоғыз мың теңге тұратын жалғыз бустер табылды.

«Бірақ сіз келгенше өтіп кетуі мүмкін. Өйткені, бүгін сұраныс көп болғандықтан, автокреслоларды көп саттық», – деп хабарлады «Балалар әлемі» желісінің ірі филиалының сауда залы менеджері Азаттық тілшісіне.

Азаттық тілшісі қаладағы «Эко Такси», «Такси VIZIT», «Апельсин», «Экипаж» және «Самал» сияқты бірнеше такси қызметін көрсететін компанияға хабарласты. Диспетчерлердің бәрі «қазіргі кезде бір де бір көлік автокресломен жабдықталмаған, әрі қашан жабдықталатынын білмейміз» деп жауап берді.

Диспетчерлердің бәрі «қазіргі кезде бір де бір көлік автокресломен жабдықталмаған, әрі қашан жабдықталатынын білмейміз» деп жауап берді

«Әзірше бұл жөнінде сөз болған жоқ. Тапсырысты бұрынғысынша ресімдей аламыз. Көліктерде кресло жоқ, ал басшылық оларды әлі сатып та алған жоқ. Ал сатып ала ма, жоқ па – білмейміз», – деп хабарлады компаниялардың бірінің диспетчері.

«Самал» компаниясы диспетчері таксилер балаларды жетінші сыныптан бастап қана таситынын мәлімдеді.

«12 жасқа толмаған балаларымен жүрген жандардың тапсырысын қабылдамаймыз. Бізге сондай нұсқау берді. Себебін кейінірек әкімшілікке хабарласып, сұраңыз» деді ол.

«Алма taxi» компаниясы қызметкерлері Азаттық тілшісіне «автокүтуші» қызметін көрсететінін айтты. Балаға белгілі бір жүргізуші бекітіліп беріледі. Ол үйдің подъезі алдына келіп, ересектерден баланы алып, бала бақша есігіне дейін жеткізеді. Бір бағыттағы жол ақысы 800 теңге тұрады.

«Көлік автокресломен жабдықталған, бірақ бес жасар бала болмаса, сегізден асқан бала сыймайтын шығар», – дейді компания үйлестірушісі.

Қазақстан жол-көлік апатынан кісі өлімі көп болатын елдер қатарында. Былтыр жол қауіпсіздігі рейтингінде Қазақстан 192 елдің ішінде 128-орында болған. Елде әр 100 мың тұрғынға шаққанда 22 адам жол апатынан көз жұмады. Бұған көлік жүргізушілерінің жол үстіндегі жүгенсіздігі, даңғойлығы басты себеп деп саналады.

Источник: Азаттық

16 ПІКІРЛЕР

  1. Коп балалы жас жануйя сонда ар баласына автокресло ала ма? Ана Канат Садуакасов даган дипутат «аузым бар»деп сойлей бермесин кайдагы жок занды кабылдап.

  2. Сол депутат агаларымыздын озинин балдары отыра ма екен? Олардын 12 жасар балдары калада ызгып коликпен журеди гой. Казактар жуас халыкпыз сондыктан калаганын жасайды.

  3. Каланын адамдары автокресло ала алады. ал ауыл адамдары автокресло алмак тугили нанга акшасы жетпейди гой…
    Егер булай шек коятын болса калайша демографияны кобейтемиз…

  4. Кун салкын озимиз жумыс басты адамбыз балаларымызды такси алмайды депутатар сиякты астымызда бир бир машина жок ал олар кайдагы жок зандарды шыгарып еригеди

  5. әр обылыс МАЙ қызметкерлері заңды өз қалауынша талқылайды,атап айтканда Актау қаласының МАЙ бастығы артқы орындыққа бала креслосын қойыу керек емес дейді,тек ремен болса болды деп сұхбат берген,ал Астана қаласында журналисттермен өткізген тағы бір МАЙ бастығы Қанат Садуақасов мырза кресло болыу керек дейді.Сонда қай майға сенеміз,элде осы заңды,қара халықтың қамын ойламайтын,маубас депутаттарға қайтадан жіберіу керек шығар.Әлде ӘКСПО ға ақша керек болып,соны айыппұл арқылы қара халықтан жинайын деп отырған шығар,онда жүргізушілер хана…….

  6. Бунын бары мафиа булзанды мыктышеновник шыгарып отыр автокреслоны откызу ушин мафиа таза мафиа булзанды басынa жаксын.казактар енды тумандар токтатындар.Елбасымыз каи намазын окып отыр карамаиды ма,Жагдаиы жок адамдар ягныи ескы машинасы барлар не истеид енды баикустар.соны неге оиламаиды неге???

  7. балалар өлімінін санын азайтамыз деп көбитіп алмандар амалы жоктан жаяу журген балалар жолда не жағдай болмайды дейсін

  8. айналайын ағалар буларын қалай бугін жолга шыгып танғалдым көп ата-ана такси тоқтата алмаи заргып қойдындаргой балаларын мектепке және аурханаға қалай апарады харапайым халықпенде санаспайма

  9. Қазақтарға бала тумаңдар дегені ма сонда? Жас алтын,күміс алқа иелері балалары мен қалай қыдырады. Мысалы төркініне қалай барып қайтады соны ойлаған депутаттар бар ма?

  10. Депутат-шоу ғой бұл. Авторлардын аты-жонин жазуга болмай ма? Ел билип журсин, ериккен депутаттарды.
    (Қанат Сәдуақасов “Көлікте баланы қолда ұстап отыру өте қауіпті. Өйткені сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік жол апатына ұшыраған кезде баланың салмағы 30 есе ұлғаяды да, бала алдыңғы терезеден ұшып кетеді немесе оны қолында ұстап отырған жолаушының астында жаншылып қалады. Сондықтан жаңа туған нәрестенің өзін перзентханадан арнайы автобесікке салып алып жүру керек” дейді.)Канша бала алдынгы айнектен шыгып кетип кайтыс болды екен? Статистика бар ма? Автобус, тролейбус, трамвай жане метрога да сондай талап коймай ма, мисыз авторлар.
    Коп балалы жан-уя не истейди? Тумсыктарына урар ма еди мисыздардын…

  11. Заң дегенді жөн жосықсыз халықпен санаспай шығара беретін заман болды ғой. Ата бабаларымыз 13 те отау иесі деп айтатын. Соншалықты ұсақталып кеткеніміз ба ? 12 жасар баланы креслоға таңып…

  12. Ойланбай ,дайындықсыз жасалған шаруа сияқты ал ажал келсе ешқандай креслоның көмектеспесі де анық. Әрине ондай жаманаттан сақтасын бәрімізді де!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз