Ер адам полицияның ғимаратын жарып жібермек болды

0
1118

Ақтөбеде мас ер адам полицияның ғимаратын жарып жіберемін деп қоқан-лоққы жасаған. Бұл туралы  «Мой город»  ақпараттық порталына сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтарыхабарлайды.

Ақтөбеде мас ер адам полицияның ғимаратын жарып жібермек болды

Ақтөбе қаласында 2015 жылғы 1 қаңтар күні сағат 20.35 минута «102» нөміріне белгісіз біреу қоңырау шалып, ІІБ ғимаратын жарып жіберетінін айтып, қоқан-лоққы жасаған.

Аталған факті бойынша дабыл арқылы облыстың ІІД-нің барлық жеке құрамы тартылған. Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ішімдікке тойған ол ІІБ ғимаратын жарып жіберу ниетін хабарлаған. Күдіктіден ұялы телефон, сим-карта түрінде заттай айғақтар тәркіленді.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта террорлық акті туралы жалған ақпарат фактісі бойынша, оған қылмыстық кодекстің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті УҰО қамалды.

Источник: РИА «Новости»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз