Ерлан Арынның қорғаушылары үкімге берген аппеляциялық шағымын кері қайтарды

0
1153

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның қорғаушылары үкімге берген аппеляциялық шағымын кері қайтарып алды, деп хабарлады ҚазТАГ.

Ерлан Арынның қорғаушылары үкімге берген аппеляциялық шағымын кері қайтарды

Бостандыққа шыққан экс-әкім Ерлан Арын

«Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне берген аппеляциялық шағымын Ерлан Арынның адвокаттары кері қайтарып алды. Шағым беру мерзімдері өтіп кетті, айыптау үкімі заңды күшіне енді», – деп хабарлады дүйсенбі күні соттан.

Еске салсақ, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Е. Арын ҚР ҚК 311 б. 5 т. (пара алу), 177 б. 3 т. «б, г» тармақша. (алаяқтық), 193 б. 3 б. «а» т. (ақша жымқыру) бойынша екі эпизодпен айыпталуда.

Айыптау мәліметі бойынша, ол кәсіпкер Илья Теренченкодан алдау жолымен 1 млн 650 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқыру бойынша алаяқтық әрекеттер жасаған, ал кейіннен сол ақшаға автомобиль сатып алып, оны әйеліне тиесілі оқу орнының атына рәсімдейді.

Бұдан басқа, Ерлан Арын «ГрадСтройКомпани» фирмасының қожайыны Умлат Матиевтен аса ірі көлемде (5,6 млн теңге) пара бопсалады деп айыпталуда.

Осыған дейін жапа шегуші Илья Теренченко материалды шағымдарынан бас тартты. Ерлан Арынның сот процесі 10 қарашада басталды.

26 қарашада Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын ҚК 307 бап 2 бөлімі (лауазымдық өкілетін асыра пайдаланушылық) бойынша айыпты деп танылып, оған 3 жылдық сынақ мерзімімен бірге шартты 3 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Одан өзге, сот оны 5 жылға дейін мемқызметте лауазым атқару құқығынан айырып тастады. 12 желтоқсанда Ерлан Арынның адвокаттары аппеляциялық шағым берген.

Источник: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз