ОҚУШЫ СОТҚА БЕРГЕН АРЫЗЫН ҚАЙТЫП АЛДЫ

0
855

Білім және ғылым министрлігін сотқа берген алматылық оқушы Әлихан Жұманов арызын қайтып алды.

 Бұлай жасауына елімізге еңбегі сіңген өте құрметті әрі салмақты, бірақ министрлікке ешқандай қатысы жоқ ақсақал ықпал еткен. Бірақ Әлиханның әкесі Нариман Есімбеков ведомство қателігі үшін кешірім сұрап, арызданушыларды райынан қайтарған азаматтың есімін айтпады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 15 күн бұрын екінші сынып оқушысы Әлихан Жұманов оқулықтағы қателіктер үшін Білім және ғылым министрлігін сотқа берген болатын. Жол жүру ережесі оқулығын оқып, жүйкесі тозғаны үшін 100 миллион теңге талап еткен. Оқушы арызы туралы БАҚ-та хабар өткен соң-ақ әлгі ақсақал Есімбековтерге жолығыпты. Алғашында арыз беруші жақ ешқандай мәмілеге келмепті. Ал, уақыт өте келе екіжақты келіссөздер нәтижесінде оқушының әкесі Нариман бұдан әріге шағымдануын доғарады. Оған арызданушы баласы да келісімін береді. Бірақ олар мынадай талап қояды: бұдан былай елімізде оқушыларға арналған барлық кітап сауатты жазылып, қатаң тексерулерден өтуі тиіс. Олай болмаған жағдайда сотқа қайтып баруымыз әбден мүмкін,-дейді Есімбековтер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз