Депутатқа шабуыл жасалды
2010 ж. 12 тамыз
1233
0
ОҚО Сайрам аудандық мәслихатының депутатына шабуыл жасау фактісі бойынша Сайрам аудандық ІІБ қылмыстық істі тергеу барысында егжей-тегжейі анықтады. «Егер өлтіргісі келсе – депутатты өлтірген болар еді, демек, өлтіргісі келмеген», - дейді Сайрам аудандық прокуроры Кенжалы Үсіпбаев. Өткен аптаның соңында ВМ W автокөлігін мінген белгісіз біреулер жарақаттаушы тапаншамен аудандық мәслихат депутаты Сұлтан Әбдраимовты төрт жерінен атып кеткен.
«Біз депутат Сұлтан мырзаның денесінен үш оқты алдық. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан соң, үйіне жібердік», - дейді Сайрам аудандық аурухананың бас дәрігері Бақыт Айтбаев. Депутат мырза бұл шабуылдың тікелей қызмет бабына байланысты деген болжамына нық сенімді. «Соңғы кезде мен 35 сотық жерді алу туралы мәселені шешіп жатқанмын. Маған бірнеше адам келіп, араласпауымды ескертіп еді», - дейді С. Әбдірайімов.