Өскеменде әлемдегі ең үлкен киіз үй тігіледі
2010 ж. 12 тамыз
2681
0
Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Ертістің сол жағалауында әлемдегі ең үлкен киіз тігілмек.
Шығыс Қазақстанның этнографиялық мұражай-қорығындағылардың айтуынша, киіз үйді Ертістің сол жағалауындағы табиғи сәулет-ландшафтылық кешенде тігу көзделген.
«Бүгіндері рекорд Буряттарға тиесілі. Ұлан-уде қаласында тігілген киіз үйдің диаметрі 16 метр және ауданы 200 шаршы метрдей. Біздің киіз үйдің диаметрі 16 метрден де үлкен болмақшы», - деді мұражайдағылар.
Қазақстан мен Ресей басшыларының өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі 7-ші форумы қыркүйек айының басына жоспарланған.