Көкөністің бағасы арзандады

d0bad3a9d0bad3a9d0bdd196d181                 

ОҚО Ауыл шаруашылық бас­қармасының бастығы Қанат Ыдырысовтың айтуынша, облыстың барлық аудандарының тауар өндірушілері үшін тегін сауда нүктелерінің берілуі көкөніс бағасының арзандауына мүмкіндік берген.

Барлық аудандар кесте бойынша қаладағы сегіз базарға бөліп қойылды. Ондағы мақсат қала және облыс тұрғындарын арзан көкөніс өніммен қамтамасыз ету болмақ. Ол ауыл шаруашылық тауарларының бағасын төмендету мүмкін болғандығы, шаруалар өз тауарларын ортадағы делдалдарсыз тікелей өздері саудалайды және сауда орындары үшін ақы төлемейді. «Оларға тегін сауда орындары беріледі. Күнде таңертең біздің басқарманың 4 қызметкері бағаларға мониторинг жасайды, іс жүзінде өндірушілермен бірге бағаны бекітеді. Соның нәтижесінде жеміс-көкөніс бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен», - дейді Қ. Ыдырысов.