ҒАЛЫМДАР ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ҰЛТЫН АЙҚЫНДАДЫ

104
35748

Украиндық тарихшы Владимир Белинский Шыңғысханның моңғол емес, қазақ екенін мәлімдеді.

Ұлы әміршінің ғұмырын зерттеуге бар өмірін арнаған атақты ғалым дәлел ретінде Шыңғыс империясының негізін қалаған 4 тайпаның тектері түрік екенін алға тартты – қияттар, керейлер, наймандар мен меркіттер, деп жазады «Экспресс К». Шыңғысханның әкесі Есугей баһадүр қият тайпасының көсемі болатын. Шыңғысханның әйелі Бөртенің руы қоңырат.

Моңғолдардың хандық титулы жоқ, түрікке тән есімдері де жоқ. Сонымен қатар Владимир Белинскийдің айтуынша хан кезінде бәрі жаппай түрік тілінде сөйлеген. Шыңғысханның шын есімі қазақша Теміршын деп оқылады деп санайды тарихшы. Ұлы әміршінің түрік екеніне ғалымның басқа да болжамдары бар. Шығысқа жасаған ұлы жорығы алдында Шыңғысхан билігі барлық түрік тайпаларын мойындаған. Сондықтан Қазақстан аумағында Шыңғысхан әскері мен көшпенділер арасында еш шайқас болмаған. Шыңғысхан империясы құрыла бастаған кезде-ақ наймандар және басқа да тайпалар оның құрамына енген.

Бұл көзқарасты атақты ресей тарихшысы Мұрат Аджи да ұстанады. Оның ойынша, Шыңғысхан Алтайдан шыққан түркі тайпаларының өкілі. Тарихшының болжамы бойынша, Ұлы әміршінің Қытайға жасаған атақты жорығы алдында оның империясына моңғол тайпалары ба біріккен. Екі тарихшының тағы бір дәлелі: Шыңғысхан империясында айналымда жүрген тиынның бетіндегі жазулар түрікше болған.  Олардың көбінде «ҚАЗАҚ» деген жазу бар.

Дереккөзі:http://24.kz/ru/news/top-news/item/25082-uchenye-utochnili-natsionalnost-chingiskhana?utm_medium=referral&utm_source=lentainform&utm_campaign=24.kz&utm_term=128531&utm_content=3155369

104 ПІКІРЛЕР

  1. Танip ием каhарынан,Тiлiмiздiн кудipeтiнен,Ата журт тарихымыздын касиетiнен,киесiнен корыкпай,кадip тутпай,айдаладагы араптын дiнiне жармасып,айыр тiлдi кусап,туган ана тiлден безiнiп,орысша шулдipлеп,оны кадiмгiдей жетicтiк,мактаныш корiп,далбандап,ордандап,кулкi,ма-зак болып болып жургенiмiзбен шаруамыз жок,алемге акыл-жон уйреткiзгiмiз кеп турады.Кожанасырдан тугандар.

  2. жазылған шежірелерді қарап отырсақ шыңғысханның анасы көп, атасы жоқ. сол сияқты адайдың да атасы жоқ. болса болар.

    • шыңғысхан алтай тауында туып,алтай тауы маңында,ата қонысында жатыр.жошы ұлытауда жатыр,не босқа дауласа береді екен.

      • Танip ием каhарынан,Тiлiмiздiн кудipeтiнен,Ата журт тарихымыздын касиетiнен,киесiнен корыкпай,кадip тутпай,айдаладагы араптын дiнiне жармасып,айыр тiлдi кусап,туган ана тiлден безiнiп,орысша шулдipлеп,оны кадiмгiдей жетicтiк,мактаныш корiп,далбандап,ордандап,кулкi,ма-зак болып болып жургенiмiзбен шаруамыз жок,алемге акыл-жон уйреткiзгiмiз кеп турады.Кожанасырдан тугандар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз