Есірткі сатқан педагог

d0bfd0b5d0b4d0b0d0b3d0bed0b3-d0b5d181d196d180d182d0bad196-d181d0b0d182d29bd0b0d0bdd18b-d2afd188d196d0bd

Жуықта, Қарағандының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 72 жасар әйел Тамар Батуеваны героин сақтағаны және сатқаны үшін айыпты деп тапты. 40 жылдық мұғалімдік еңбек стажы бар, «жылдың еңбек сіңірген мұғалімі» және «халық ұстазы» деген құрметті атақтың иегері атанған тәжірибелі мұғалім сот үкімімен 10 жылға соттады. «Ол камераға кірісімен аштық жариялады. Және сот шешімімен келіспей оны бұздырмақшы. Алғашқы үш күн бойына ол нәр татпай одан соң су іше бастады. Қазір оның жағдайы өте ауыр», - дейді адвокат Любовь Кузьменко.

Т. Батуеваны полция 11-ші ақпанда қолға түсірген. Ұсталған орнында одан есірткі салған он пакет тәркіленген. Сотта есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері хабарлағандай, олар үш рет жалған адамдар арқылы өз пәтерінде героин саудалап отырған зейнеткерден героин сатып алған. Сотта мұғалима героинді өзінің есірткіқұмар ұлы үшін сатып алғанын айтып және есірткіні сатқаны үшін өзінің айыбын мойындамаған.