Жаңа жылға қай өңір қанша қаржы жұмсады?

1
1019

Еліміздегі қалалардың жаңа жыл мерекесіне қанша қаржы жұмсайтыны анықталды. Өңірлердің биылғы дайындығы әдеттегідей жоғары.

Жаңа жылға қай өңір қанша қаржы жұмсады?
Мерекелік шырша мен оны безендіруге көлемді ақша бөлгендердің қатарын, әрине, Қарағанды бастап тұр. 199 млн теңге.

Екінші орында Көкшетау – 41 млн теңге бөлген. Атырау қаласы 40 млн теңге жұмсаса, Ақтөбе 27 млн теңгемен шектеліпті.

Ал Шымкент жаңажылдық көркейту жұмыстарына 25 млн теңгені жаратса, Петропавл 18 млн теңгені жеткізуге тырысқан.

Қызылорда 16 млн 500 мың теңге жұмсаса, ең соңғы орында Ақтау әкімдігі. Бұл шараға ақтаулықтар 16 млн теңге беріпті.

Ал Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері  қанша қаржы шығындағанын есептеп үлгермей жатыр ма, әйтеуір үн қатқан жоқ.

Источник: 7 канал

1 Пікір

  1. Өткен жылы Павлодардың әкімі шыршаға жұмсаған 38 миллион теңге үшін жазықсыз темір тордың ар жағына кетіп қала жаздап еді. Ал, енді, Елбасы дағдарысқа қарсы тұрыңдар деп жатқанда, екі жүз миллион теңге үшін қарағандылықтар есеп бере ма екен? Әлде, құдайдан қорықпайтын көкелері тағы да, жазықсыз адамдарға жаба салуға күш сала ма?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз