
Айтуынша, қазір бірқатар банктермен алдын ала уағдаластық бар. Айта өтейік, жинақтау жүйесі елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2013 жылы заңды іске асты.
Бұл депозиттің өзгелерден артықшылықтары көп. Салымшыға 8% -дан 10%-ға дейінгі мөлшерде банк сыйақысы беріледі. Бұдан бөлек 5%-дан 7%-ға дейінгі мөлшерде мемлекет сыйлықақысы да есептеледі.
Жетім балалар, мүгедек балалар, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға басымдылық беріледі. Олар мемлекет сыйлықақысын 7% мөлшерде алады.
Бүгінгі таңда білім беру жинақтау депозитін төрт банкте: "Темірбанк", "БТА Банк", "Халық банк" және "Цеснабанкте" ашуға болады. Айта өтейік, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің көмегімен тұрғындар өздерінің білім алуға шығыстарын, жоқ дегенде, 40%-ға қысқарта алады.