Қарағандының бұрынғы әкімі әлі 4 ай қамауда отырмақ
2014 ж. 26 желтоқсан
1847
0
Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін айыпталған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың қамау мерзімі 4 айға созылды, деп хабарлады Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты.
"Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша айыпталған Мейрам Смағұловтың қамау мерзімі 2015 жылғы 1 ақпанға дейін бір айға ұзартылды", - деді аудандық сот баспасөз қызметі.
Осылайша, бұрынғы әкімнің мерізімі 4 айға ұзартылды.
Еске салсақ, Қарағандының экс-әкімі Смағұлов 2011 жылғы 1 қазанда ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің 307-баптың 4-бөлімі бойынша айып тағылған болатын.
3 қазанда сот оны ек ай мерзімге тұтқынға алды. Судья хабарлағандай, Қарағандының бұрынғы басшысына екі рет заңсыз жер учаскесін берді деген айып тағылған.
Екі ай аяқталу бойынша сот тергеу органдарының өтінішімен Смағұловтың қамау мерзімін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартқан. Бұдан бұрын хабарланғандай, қаржы полициясы бұрынғы әкімге қатысты қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, Смағұлов "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй салып жатқан "ЮТЭКС" компаниясының есебінен өз үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Алдын ала бағалау бойынша, жөндеу құны 5 млн астам қаражатты құраған. Ол 2012 жылғы қазан айында Қарағанды әкімі болып тағайындалған. 2014 жылғы маусымда өз еркімен отставкаға кетті.