Украина Қырымды толықтай электр қуатынан ажыратты

"ҚырымИнформның" хабарлауынша, бірнеше сағаттай түбектің бір де бір қаласында жарық болмаған. Тек жедел желілер ғана автоматты энергоүнемдеу қорларының арқасында ірікіліспен жұмыс істеді.Украина Қырымды толықтай электр қуатынан ажыратты

Тіпті халықаралық әуежай мен теміржол вокзалы да жарықсыз қалған. Жолдарда бағдаршамдардың істен шығуынан қозғалыс қиындаған. Ақыры жергілікті билік Украинамен арада электр қуатын қайта қосу туралы келісімге келді. Белгілі болғандай, Қырым халқы энергия қуатын шектен тыс қолданыпты. Бұл туралы Украинаның жылу және энергетика министрі Сергей Егоров мәлімдеді. Сол үшін де Украина түбекті жарықтан ажыратса керек.