«Исматолланы дәстүрлі дінді таратушының бірі деп есептеймін»-дейді Ақтау әкімі

15
3083

Еділ Жаңбыршин жергілікті газеттің журналисті қойған сұрағына жауап бере отырып, экстремизм бабымен ұзақ мерзімге абақтыға тоғытылған атышулы Исматолла мағзұмды жақтайтынын ашықтан-ашық айтқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақтау әкімі жергілікті басылымға сұхбат беріп, басы дауға қалды

Еділ Жаңбыршин

«Мен Исматолланы дәстүрлі дінді таратушының бірі деп есептеймін. Ол кісінің істеген ісінен зиян көрген жоқпын. Керісінше, өмірде өзін жоғалтқан адамдарды кері қайтарған адам ретінде танимын. Нашақорларды рухани сауықтырудан өткізіп, қоғамның бір мүшесіне айналдырғанын көзіміз көрді. Одан мемлекетке не қоғамға төнген қандай қауіп бар? Сол себепті қолдау білдірдім. Өйткені, ол кісінің ұстанымында ата-баба ұстанымымен қайшылық жоқ. Оның бағасын уақыт берер…», – деді Жаңбыршин.

Еліміздегі сопылардың жетекшісі Исматолла Әбдіғаппар кезінде ауған моджахеттерінің көсемі Ахмад Шах Масудтың кеңесшісі болған. Ал Қазақстанда заңсыз діни қауымдастық құрды, экстемизмді насихаттады деген баппен 2011 жылы 14 жылға бас бостандығынан айрылған-ды.

Саят Ыбыраев сияқты бірнеше жақтасы да ұзақ мерзім арқалады.

«Сенім. Білім. Өмір» ұйымы жұмыс істеп тұрғанда қатарына 500 мың адам жинаған деседі. Оның ішінде шенді-шекпенділер де бар. Кезінде бұл сопылардың ықпалды дегендері сол Исматолла мағзұмды қолдап, үндеу жасаған болатын.

Ақтау қаласының әкімі Еділ Жаңбыршиннің есімі сол қолдау хаттың бел ортасында тұр. Сондықтан оны бүгін бірнеше республикалық ақпарат агенттіктері діни экстремисті қолдады деп шүйлігіп отыр.

Источник: КТК арнасы

15 ПІКІРЛЕР

  1. «Акка құдай жақ» деген бар, Еділдің бұл ұстанымна қосыламын.
    Өзінің пікірін жасырмай ашық білдіруі, оның азаматтық позициясын қорғай алатын Дұрыс жігіт екенін көрсетеді.
    Ал, ілік іздеушілерге » ит үреді, керуен көше береді» дегім келеді.

  2. Өзге өңірлерде шырша тәуелсізідк мерекесінен бұрын орнатылды, ал Ақтауда тек ұлы тәуелсіздік мерекесінен ғана қойылды. Онда да республика бойынша осы мерекесымақты тойлауға, шырша маңына ең аз қаражат жұмсалған Ақтауда. Биыл ақтау қалалық әкімдігі жаңа шырша сатып алған жоқ, былтырғы шырша. Бұл Еділдің шешімі, бізде ақша бар, бәрінен асып түсеміз деп бәлсініп қымбатқа, шашпалыққа ұрынған жоқ.

  3. Ай, сау бол, Асхат Қамбаров!жақсыынң жақсылығын көру, тану, айту да азаматтықытң белгісі. Қазір көпшілік біреуді, әсіресе жақсыны көруден қалды, жамандап, көре аламй, кедергі болуға тырысып, бықсып әлекке қалады. ал шенді-шекпенді келсе құрдай ұшып зымырай жөнеледі

  4. Еділ ағамызға Алланың нұры жаусын! Не айтсаңдарда, не істесеңдерде ең бастысы Еділ ағамыз Құдайдан аларын алды, Алла алдындағы дәрежесін анықтады деп ойлаймын.

  5. Ажар дұрыс айтып отырсыз. Қыз да болсаңыз, затыңыз әйел болса да осындай оыдың, ақылдың кейбір жігіттерден табылмай-ақ қойғаны. Азаматтығы бірқатар шалбар кигендерді қағып түсетін «ер» қыздар бар ғой қазақта, Маңғыстауда шіркін! Еділдей азаматқа арқан кергісі келгендердің маңында бір әйел жүр, кезінде мұсылсмандықтан шығып, христиан дініндегі бір сектаның кресін тағып, шырағын тұтатқан. Ол неғып жүр, оны неге көрмейді ешкім? Ел бәрін де біледі, үндемегенге ешкім ештеңе білмейді, мыналарды шетінен топырлату керек деп ойламаңдар, біздің білетініміз көп, шығаратын кезде шығарамыз бірақ, халықпен ойнамаң

  6. Тырнақ астынан кір іздеуді қашан қоямыз. Өз пікірін ашық айтқанның ңесі айып? Өсек отын лаулатып азаматты қаралағаннан не ұтамыз.Өз басым Еділді білімді, мәдениетті, өзіндік ұстанымы бар, жағымпаздығы жоқ азамат деп білемін. Сондықтан болар кейбіреулерге ұнамай жүргені. Әйтеуір оны алға шығарғысы келмейтін біреулер бар сияқты. Аңғалдығы да бар-ау, әйтпесе іштей ойласа да сыртқа шығармас еді ғой пікірін. Бірақ солай айтты екен деп «бөркін аспанға атып» атойлағаны несі бұл жұрттың.

  7. Кішкентай кезімізде әжелеріміз ауыл кемпірлерімен бірге жиналып зікір салатын. Бұл да дәстірлі дініміздің бір бөлігі екеніне менің бала кезімде көзім жеткен. Оны жаңартуға белсеніп кіріскендерді абақтыға қамағандар Алланың қаһарына бір күні ұшырайды. Жетпіс жыл бойы барымыздан айрылуға айналған шақта егемендікті берген Алла сан жылдар бойы Ата-бабаларымыздан қалған Аллаға өзінің еткен құлшылығының бір түрі – зікірді де қайтарып берері сөзсіз! Зікір деген сөздің өзі еске алу деген сөз. Зікір салу – Алланы еске алу деген сөз! Біздің қоғам құлдың санадан толық арылған кезде зікір бес уақыт намаз секілді қайта оралады деп ойлаймын!

  8. Жаңбыршинді халық жақсы көреді, бірақ соңғы айлары Еділге тыным беруді қойды біреулер. Ілік іздейді де отырады. Бұған дейін дым таппағасын енді Исматулланы қосыпты. неігізі бір жерден оқып едім әркімнің де артын шұқыса бірдеңе табылады деген,бүгін Еділдің артын ашқысы келгендер көп ұзамай өздері орға құлауы мүмкін. Шыршаны да алып-қашты әңгіме қылып бастады, шырша қай қалада жоқ? Еділ халыққа жаны ашитын жақсы жігіт, қазақы. бірақ, жұмыс жасайтын, сауатты жігіттер ешкімге ұнамайды қазір, Еділ де сондай жағдайға тап болып отыр. Аққа Алла да, халық та жақ, Еділ, біз Сізді қолдаймыз, қамықпаңыз!

  9. Мемлекетімізде себепсіз бірде-бір азамат сотталмайды. Бүгінгі таңда еліміздегі дәстүрлі дінге қауып төндіріп отырған салафизм бірнеше тармақтарға бөлінгенін, оның арасында лаңкестік бағыттағы топтардың бар екенін мамандар айтып отыр. Сол секілді тариқаттардың арасында асыра сілтеушілікке берілген ағымдар жоқ емес. Егер олардың басшыларын және арттарына ергендерін қоштайтын болсақ – еліміздің ертеңі Сирия мен өзге де араб елдерінің бүгінгі жағдайынан да қиын болу әбден мүмкін.

  10. ВСЕ религий в мире были изобретены людьми Жидами (жителями Иорданской долины) то есть Евреями .Христианство это Еврейская , Европейская ,Российская РЕЛИГИЯ . Нам найти свою религию . В любой религий нет оснований это обыкновенная иллюзия или обман человека.Когда Евреи изобрели религию ,от безысходности. Что бы жить за счет другого,и бес проблемно. пример:– В Иерусалиме у гроба ГОСПОДНЯ ,еже годно собирается до 25000000000. (25. млрд доллар США)просто прихожан оставляют ЕМУ ГОСПОДУ,это только собирается в одном месте, таких мест в Израиле два десятка. В Арабских странах точно такой же повторяется ,то есть в Исламе. Я верю ВСЕВЫШНЕМУ АЛЛАХУ. ,НО не религию Христианства и Ислам , все ищет свои ВЫГОДЫ больше ни чего.. .

  11. Азамат екен бауырым. Б1зд1н когамга осындай т1к айтатын адамдар жетпей жатыр. Ислам улкен гылым. Денгей1н жетпесе тыныш журген дурыс.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз