Азамат ӘБІЛҰЛЫ, «Жас қазақ үні» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі: «Жас қазақ үнінің» үні сөнбесін!

 

d0b0d0b7d0b0d0bcd0b0d182-d0bad0b0d181d18bd0bcd0bed0b2-_mg_70822 Қазақшыл, ұлтшыл, мемлекетшіл, елшіл. Осынау ұғымдарды әрдайым биік ұстауға тырысып жүрген, шама келгенше, өре жеткенше ұлттың мүддесін, ұлттың ойын, ұлттың тілегін жеткізуге ұмтылған қазақ басылымдарының қатарының артып келе жатқаны бізді қуантады, әрине.

Осындай басылымдардың көш басында, алғы шебінде «Жас қазақ үні» газеті келе жатыр десек, артық айтқандық емес.

«Жас қазақ үні» жарық көрген күннен бері ұлттың үнін, қарапайым халықтың мұң-мүддесін жырлаудан танған емес. Газет елдің сөзін бұған дейін де айтқан, бұған дейін де мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған. Басылымның осы жолда әлі де аянбай тер төге беретініне бек сенеміз. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз» деп Алаш қайраткерлері айтқандай, басылымның күні мен үнінің ешқашан сөнбейтініне сенейік.