Әкімдер шырша орнату үшін миллиондаған қаржы шығындап жатыр

Тәуелсіздік мерекесіне құттықтау банерін де қимайтын әкімдер, шыршадан миллиондаған теңгені аямайды. Шыршаға сонша шығын шығару кімге керек деп жазады Алаш айнасы.

Әкімдер шырша орнату үшін миллиондаған қаржы шығындап жатыр Биыл да "шыршашыл" әкімдері шыршадан миллиондарды аямапты. Мәселен Петропавл қаласының орталығында орналасқан бас шыршаның құны 9 миллион теңге тұрады екен.

Одан бөлек жалпы құны 13 миллионнан асатын 4 бірдей светодиодты шырша сатып алған. Петропавлдың әкімінен оңтүстіктің әкімі де қалыспапты. Биыл Шымкенттегі үш шырша 25 миллион теңгеден сатып алыныпты.

25 млн дегеніңіз шамамен 140 мың доллар. Орта есеппен әрқайсысына 46 мың доллар кеткен.

Бұл туралы әлеуметтік желілердің бірінде Серік Әбікен атты қолданушы "25 млн дегеніңіз шамамен 140 мың доллар. Орта есеппен әрқайсысына 46 мың доллар кеткен. 46 мыңға мына шыршалар "стоит" па?" деп сынаған. Әкімдердің барлығы 25 миллионға шырша ала берсе орташа есеппен 14 облысымыз бен екі бас қаламыз "25 000 000* 16 = 400 000 000 шығындайды. "Бұл 1000 балаға шағын мектеп, немесе, 300 орындық балабақша салуға болатын қаржы. Не болмаса, 40 отбасыға 2 бөлмелі пәтерден сатып әперуге болады" деп кеткен шығынды шыршадан гөрі пайдалы іске жұмсауға болатынын айтып наразылық танытыпты қолданушы. Айтпақшы әлеуметтік желілерде жыл сайын сатып алынатын шыршаларға көпшіліктің наразылығы үлкен. Жарысып қымбат шыршаларды сатып алуға тырысу, қазына қаржысын қымқырудың амалы деп санайтындар жоқ емес. Жай бір мереке үшін жыл сайын миллиондаған теңгені далаға шашып отырмыз.

Жарысып қымбат шыршаларды сатып алуға тырысу, қазына қаржысын қымқырудың амал. Жай бір мереке үшін жыл сайын миллиондаған теңгені далаға шашып отырмыз.

Мәселен 2011 жылы мемлекеттік органдар шырша сатып алу үшін ғана 3,8 млрд теңге жұмсаған көрінеді. Бұл ақпаратты www.goszakup.gov.kz веб-порталы таратқан. Порталдың дерегінше, мемлекеттік органдар мерекелер мен карнавалдар үшін керек бұйымдарға шыршаның құнынан бөлек 233 млн теңге жұмсапты. Неше жылдан бері бюджеттің қалтасын қағып келе жатқан шыршаларға неге тыйым салмасқа?! Былтыр да Павлодар қаласындағы шыршаға қатысты шу халықтың наразылығын туғызды. Құны 38 миллион теңгеге бағаланған шырша ақырында қала әкімін орнынан кетіріп тынды. Сондай-ақ өткен жылы Семей қаласы шырша орнатуға қала бюджетінен 4,8 миллион теңге шығындаса, Қызылорда қаласы – 17 миллион теңге, Теміртау қаласы жеті миллион теңге, Орал – алты жарым миллион теңге жұмсаған көрінеді. Ақтау қаласы шыршаға 15 миллиондай қаржы шығындаса, Қарағанды қаласының жергілікті басқару орындары екі жыл бұрын 8 миллионға сатып алған шыршаларын өткен жылы 700 мың теңгеге безендіріпті. Төбесіндегі жұлдызының өзі 600 мыңға бағаланған (былтырғы Павлодар қаласындағы шулы шыршаның жұлдызшасы осындай қаржыға бағаланыпты) ақша сорғыш шыршалар керек пе өзі?!

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің сөзіне сенсек, бүгінгі күні елімізде 176 апатты жағдайда жұмыс істейтін мектеп бар екен. 70 мың оқушы мектептегі орын тапшылығын сезінуде.

Рас, кейбір әкімдер мемлекеттен шырша үшін арнайы ақша сұрамай-ақ, шыршаны жергілікті ірі компаниялар мен кәсіпкерлердің көмегімен құрған көрінеді. Мейлі ғой, бірақ қоғамымызда қалталы компаниялар мен кәсіпкерлердің көмегін күтіп тұрған басқа да әлеуметтік мәселелер жетеді ғой. Неге соған жұмсамасқа?! Осы орайда айта кетер жайт, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің сөзіне сенсек, бүгінгі күні елімізде 176 апатты жағдайда жұмыс істейтін мектеп бар екен. 70 мың оқушы мектептегі орын тапшылығын сезінуде. Осы орын тапшылығының салдарынан әлі күнге үш ауысымда оқып жатқан мектептер де бар. Ал болашағымыз саналатын балаларымызды сапалы білім беретін мектеппен толыққанды қамтамасыз ете алмай отырып, ұлттық мереке де саналмайтын жаңа жыл мерекесінің шыршасына

Источник: NUR.KZ