Жылдың үздік саясаткерлері анықталды

1
3482

Рубрика Саясат

Жыл аяқталар тұста көптеген сала үздіктерді анықтап, өтіп бара жатқан жылды қорытындылауда. Осы орайда, саясаттанушы, журналист, блогер және әлеуметтанушылардың біріккен Саясат жобасы ел саясатындағы көшбасшыларды атады.

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Жыл саясаткері

Биыл еліміздегі жыл саясаткері болып президент Нұрсұлтан Назарбаев танылды. 2014 жыл президент үшін әдеттегідей маңызды болды. Ол мемлекеттік аппаратқа қолдау көрсетіп, тізгінді берік ұстады. Сонымен қатар, елішік процестерге ерекше көңіл аударып, сыртқы саясатта да маңызды шешімдер қабылдады.

Сөз жоқ, Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың үздік саясаткері. Назарбаевтың шебер саясаткер екенін бірнеше шетелдік басылымдар да жазып, шетелдік мамандар президентті әлемдік саясаттағы маңызды тұлғалардың бірі деп бағалады.

Жыл жаңалығы

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Саясат әлемінде жұлдызы жанып келе жатқан тұлға деп Тимур Сүлейменовты атар едік. Ол 36 жасында Еуразия экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі қызметін атқаруда.

Өтіп бара жатқан 2014 жылда Сүлейменов өзін жақсы қырынан таныта алды. Бұл пікірді өзінің әріптестері де қолдайды. Ол өз саласын жақсы білетін, жақсы байланыс орната алатын және пікір таластыра алатын саясаткер екенін көрсетті.

Жылдың қоғам қайраткері

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Арман Шораевтың тынымсыз еңбегі арқасында халыққа жол тартқан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» жобасы үлкен танымалдыққа ие болды. Ұлттық спортымыздың насихаты артып, әлем алдындағы абыройы арта бастады. Одан бөлек, Арман Төлегенұлы көтерген еліміздегі ақпараттық қауіпсізідк мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Шораевтың осы тұрғыда қозғаған тақырыптарын еліміздің ірі медиа-менеджерлері іліп әкетті. Бұл сөзімізге елімізде өткізілген үш медиа-форум дәлел бола алады.

Жылдың зерделі саясаткері

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды

Бұл аталымда мәжілістің халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Мәулен Әшімбаевқа ешкім тең келмейді. Өзінің көптеген әріптестеріне қарағанда, Мәулен Сағатханұлы сөз қадірін білетін азамат.

Ол тек ең маңызды деген мәселелер бойынша ғана өз пікірін білдірді. Әсіресе, Путиннің қазақ мемлекеттілігі туралы айтқан даулы пікіріне Әшімбаев жақсы жауап қатқан болатын. Ол өз пікірін эмоцияға берілмей, деректерге сүйене отырып жеткізді.

Жылдың белсенді депутаты

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Өтіп бара жатқан жылда Дариға Назарбаева өз белсенділігімен мәжілістегі барлық әріптесінің алдын орады. Ол қоғам назарын жиі аударып, көптеген мәселелерді сын садағына алумен болды. Негізінен, Дариға Нұрсұлтанқызы әлеуметтік саладағы мәселелерді қозғаған.

Жыл әкімі

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Қызылорда облысына Қырымбек Көшербаев әкім болып барғалы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Ал Көшербаевтың биыл бітірген ең үлкен ісі деп – Байқоңырдағы оқушылардың қазақстандық білім бағдарламасымен оқуға мүмкіндік алғанын айтамыз.

Жігерлі саясаткер


Бұл аталымда Бердібек Сапарбаев үздік шықты. Ол ШҚО әкімі қызметінен вице-премьерлікке көтеріліп, бірден маңызды мәселелерге қатысты пікірін айтты.

Телеарналардағы мемлекеттік тілге саясатының дұрыс атқарылуын қадағалап, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға арналған комиссияны басқарды. Сонымен қатар, Березовка мен Калачидегі халықтың жағдайын біліп қайтты. Бүгінде халыққа тап осылай жігер беретін шенеунік тым қажет еді.

Жыл министрі

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Бұл атаққа көп министрдің  үміткер екені рас. Алайда, біз Арыстанбек Мұхамедиұлына тоқталдық. Ол өз әріптестерінің арасында кәсіби мансабы өрлеп келе жатқанымен және белсенділігімен ерекшеленеді.

Жылдың келешегі бар саясаткері

Жылдың үздік саясаткерлері анықталды
Бұл аталымда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен «Нұр Отан» партиясы басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек үздік шықты.

Источник: NUR.KZ

1 Пікір

  1. Басқаны білмеймін, Бердібекті несіне әтуірлейді? Неше жылда Шығыста бір іс бітірген жоқ. Жұтта Қарауылға барды деп көсілттік. Немене содан мал аман қалды ма? Жоқ! Қырылған мал қырылды. Су басқан Ертіс жағасыннан қайта- қайта репортаж жүргізді. Содан су қайтып па? Керісінше көбейіп кетті. Қытайға 1 миллион гектар жер берейік деп еді, ел көтін жырытып тастай жаздады. Шығыста ел басқаратын адам жоқ деп бүкіл бір аймақты қаралады. Осы адамшылық қасиет пе? Осындай ды тыраштанып көтерген адамда ми жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз