Көңілімнен шықпаса, кетіремін қызметтен!..

0
756

Ақмола облысында түрлі деңгейдегі басшыларды ауыстыру жалғасады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті.

Кулагин көңілінен шықпаған қызметкерлерді жұмыстан кетіретінін айтты
Сергей Кулагин

Әкімнің сөзіне қарағанда, егер де қарамағындағы қызметкерлердің жұмысы көңіл көншітпесе, онда ол кадрлардың ротациясын жүргізеді.

«Команда келеді, дегенмен де қандай да бір ротация жүріп жатады. «Сіз әкімдерді немесе басқарма басшыларын әлі ауыстырасыз ба?» деп менен жиі сұрап жатады. Егер олар жұмыс істемесе, ауыстыруымыз мүмкін», – деді өңір басшысы.

Осы орайда ол егер де қызметтегілер жұмысын жақсы атқарса, онда басшылар қызметін жалғастыратынын атап өтті.

«Егер жұмыс болмаса, нәтиже де көрінбейді. Қажет болғанда, мен ротацияны бұдан кейін жалғастырамын», – деді Сергей Кулагин.

Әкімнің сөзінше, ол облысты басқарғаннан бері басшылық лауазымдағы 10 адам ауысқан.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз