СҰҢҒЫЛА ЖАМАН ШӨП ПЕ?

d0b7d0b0d180d0b0d0b7d0b8d185d0b010

Құрметті «Жас қазақ үні» газеті редакциясы!

 

Біз сіздердің тұрақты оқыр­ман­дарыңызбыз. Газеттеріңіздің алдынғы санында Ерментай Сұл­танмұрат ағамыздың «Сұңғыла» атты мақаласы жарық көрді. Автор мақаласында Оңтүстік Қазақстан Облысы, Қазығұрт аудандық сотының әділсіздігін, бюракраттығын ашына жазып, қоғамның одан сабақ алуын дәп басып көрсете білген.  Оған біздің рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Ал мақаланың басында автор сұңғыла шөбіне өзінше анықтама бергісі келген, тіпті бұл шөпті арамшөп қатарына жатқызған. Автор: «Сұңғыла – қауынға қаптарлас жығып, тамырына жабысып, нәрін сорып, одан у жасап қауынды улап қуратады» деген ойды айтқан, егер қауынға қаптарлас тағы қауын шықса, қатар екі қауын сабағының бірін жоюға тура келеді, өйтпегенде екеуі де өмір сүре алмайды. Сонда қауынға қаптарлас шыққан тағы бір қауын сабағын автордың сөзі бойынша арамшөп деуімізге бола ма? Әне, қауынға қаптарлас шыққан сұңғыла шөбі де сондай мәнде.

1.Халқымызда «Сұңғақ бойлы, сұңғыла ойлы» деген мақал сөз бар. Егере сұңғыла шөбі арамшөп болса, онда халқымызда бұл мақал да болмаған болар еді.

2.Сұңғыла шөбі – Қытай, Тибет медицинасында бауыр ауруларын емдеуге істетілетін дәрілік шөп. Қазақ емшілігінде де дәрі шөп ретінде бағаланады. Автор Оңтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті диалектте айтылатын сұңғыла ұғымына байланысты қате түсінікті мақаласына енгізіп жіберген, бұл диалект сөз барша қазақ атауына уәкілдік ете алмайды. Сондықтан газет редакциясындағы кеткен қателіктер мен автордың түсінігіне түсініктеме берулеріңізді сұраймыз.

3.Ата-бабаларымыз сұлу да әсем, сұңғақ бойлы қазақ қыздарына Сұңғыла деген есімді беріп келген. Сұңғыла сөзі халқымызда зерек, алғыр, көреген, білімді, сергек деген мағынада қолданылып келеді. Сұңғыла есімді қыздарымыз өз аттарына мақтана, масаттана қарайды. Сондықтан автордың қазақ елінің болашағы болған, жалпы Сұңғыла есімді ерке қыздарымызға түсініктеме беруін сұраймыз. Әрі авторға сұңғыла шөбінің арамшөп болмастан, қайта адам жанына шипа дәрі шөп екендігін ескерткіміз келеді.

 

Қайрат Сапы, Жұмаш Өркен, Жазира Қарқынқызы