Ермек Көшербаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінде жаңа вице-министр болып Ермек Көшербаев тағайындалды.

 Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды Ермек Көшербаев

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын бітірген. Әр жылдарда Қазақ КСР СІМ, ҚР президент әкімшілігі,  үкіметте, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да түрлі қызметтерді атқарған. Сондай-ақ "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

Источник: ИА "Казинформ"