Тақырбас қыз "осырақ шалға" байға шықты

"Шіркін Life" тележобасы арқылы танылған тележүргізуші Маржан Сұлтанбай биыл жазда тұрмыс құрған болатын. Бұл жайында тележүргізушінің әріптес достары Instagram әлеуметтік желісінде хабарлап, халықтан сүйінші сұрады.

Маржан Сұлтанбаева Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

Кейіннен Маржанның шынымен тұрысқа шыққаны белгілі болды. Жары талдықорғандық кәсіпкер және ұлттық спортты дәріптеуші азамат екен. Маржан тұрмысқа шыққаннан кейін біржолата әлеуметтік желіден кеткен болатын. Маржан Сұлтанбаева Бірақ жұбайының рұқсатымен тележүргізуші Twitter әлеуметік желісіне қайта оралды. Бұл жайында Маржан Twitter-де жариялады. "Осырақ шалымның рұқсатымен твиттерге қайта тіркеліп жатырмын. "Кәрі қыз" деп қоймап едіңдер, БАЙЛЫ ҚЫЗ боп оралдым. Ал, керек болса", - деп Маржан алғашқы жазбасын жазды. Бұл жазбасынан Маржанның күйеуін "шалым" деп еркелететінін аңғаруға болады.
Источник: NUR.KZ