Гүлмира НҮСІПОВА, компьтер орталығының меңгерушісі : «Жас қазақ үні» қазақпен бірге жасай берсін!

Егемен  еліміздің  арқасында   Қазақ  баспасөздері  әр түрлі бағытта  көбейе түсті.  Халқымыздың мүддесін ойлаушы  көптеген басылымдардың   қатпарынан орын алған Республикалық   саяси-қоғамдық газет -  «Жас қазақ  үніне»  биыл 10 жыл толып отыр. Міне, осы күнге дейін  әлеуметтік және саяси  мәселелерге байланысты  тақырыптарды  қозғап, мұның оң  шешімін  тауып, ел ықыласына  бөленіп келеді. Өнерде де, саясатта  да, дінде де  белгілі тұлғаларды  қалың елге жариялап, олардың рухани болмысын   және қоғамда  халыққа берер пайдасы мен қызметін  әлі күнге дейін  насихаттап жүр. Біз газет ұжымы бұл күнде  халық іздене жүріп оқитын ақпарат құралына   айналған  «Жас қазақ   үні» басылымына  қазақтың үні  өшпей,  жаңғырып, жаңарып шыға берсін   деп тілейміз!!!