ӘБУ ЖАРҚЫНҰЛЫ, тілші: «Жас қазақтың үні» көкке өрлесін!

Республикалық басылым­дардың ішіндегі бірден-бір батыл, айтарын бүркемелемей ашық айтатын өз шоғын өз демімен үрлейтын ұлтшыл әрі жауынгер басылым «Жас қазақ үнінің» қазақ жұртына жанашыр болып келе жатқанына да табаны күректей он жыл.

Осы мерей той қарсаңында ұлттың арман-тілегі мен мұң-мұқтажын жоғары билікке жеткізіп, қоғамдық проблемаларды шешуге атсалысып отырған газетке айтар тілегіміді мынадай жыр жолдарымен жеткізгім келеді:

 

Жат санайтын ой айтуды жасырын,

Іздестірген ұлттың інжіу-асылын.

Алда талай бағындырар белесті,

Он жасында орда бұзған басылым.

 

Майдан етіп әділдіктің көмбесін,

Айтып келген елге мадақ, елге сын.

Жанайқайын жеткізетін ұлтымның,

«Жас қазақтың үні» көкке өрлесін!