Есімов Тәуелсіздік күнін емес, өз туған күнін тойлауды жөн санайды!!!

8
1890

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Алматыға әкім болған сегіз жыл ішінде Тәуелсіздік күнінде Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоймауының себебін түсіндірді.

Есімов 8 жыл бойы Тәуелсіздік күнінде қалада болмау себебін түсіндірді
Ол өзінің  туған күні – 15 желтоқсанда Алматыда қалғысы келмейді екен.

«15 желтоқсан күні қалада болғым келмейді… Қалада болғым келмейді. Сондықтан да, сыртқа шығып кетемін… Басқа ешқандай әңгіме жоқ. Тәуелсіздіктің арқасында бәріне жетіп отырмыз. Тәуелсіздік туралы көп айтуға болады. Бірақ та, келесі жылы туған күнімде қалада болмасам да, 16 желтоқсанда міндетті түрде қалада боламын», – деді әкім.

8 ПІКІРЛЕР

  1. Несіне қынжыламыз.Әкімде өз пәтері болмағансоң сыртқа кеткен ғой.Ол кісіге»Нурлы жол»бағдарламасы бойынша кезекке тұруы қажет.Болмаса жер сатып алсын,алматылықтар ел болып,жұрт болып,Асар жасап,кішігірім 5-қабатты үй салуға атсалыссын.

  2. «Балық басынан шіриді». Біздің тәуелді елді басқарып отырғандардың сыйқы осы. Бұларға Қазақтың тәуелсіздігінен қарындарының қампиғаны қымбат. Қолдаушылары күшті, халық шарасыз. Жиіркенішті!

  3. Маскара не деп отыр мынау,???елим жерим отаным казагым дейтин ел бастар агамыздын созине не деуге болады…..аузынан осындай ангме шыгып жатканына карап….ертен ели ушин не истей алады деп ойланып калдым….

  4. Кәзіргі билікке тәуелсіздіктің құны қанша екендігін осыдан білуге болады.ЕврАзия деген қораға халықтан сұрамайақ кіре салуымыздың мәнісі осында.

  5. не сандырақ бұл. Бұл әкімнің айтатын сөзі ме? Сенген әкімім сен болсаң жасағаныңды ұрайын… Қазақтың өрімдей ғана қыз жігіттерінің арқасында батыр бабаларымыздың ерлігімен алған Тәуелсіздікті осындай шенділер мен топастар аяққа жагшиды деп кім ойлаған

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз