Қаржы министрі халықты үнемдеуге шақырды

Отандастарымыз түрлі шығындарды қысқартып, қолда барын үнемдеуге көшкені абзал. Өңірде қалыптасқан геосаяси, геоэкономикалық жағдайлар осыған итермелейді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бүгін осылай деп мәлімдеді.

Қаржы министрі халықты үнемдеуге шақырды

Бақыт Сұлтанов

Министр Нұрсұлтан Назарбаевтың қараша айындағы халыққа арнаған "Нұрлы жол-болашаққа бастар жол" атты жолдауындағы міндеттерді астаналықтарға тарқата түсіндірді. Бас құжатта қамтылған маңызды тұстар мен ел дамуының негізгі жеті бағытын да жіліктеп айтып өтті. Еліміздің бас қаржыгері келтірген мәліметтерге сай, Ресей экономикасындағы тұрақсыздық бізге де әсер етпей қоймайды деді. Ал әлемдік нарықтың шатқаяқтауының алғашқы белгілері - ел бюджетін ықшамдауға алып келді. "Біз осы бюджет жобасын парламентте қараған кезде ағымдағы жылдың бюджетін 200 млрд теңгеге қысқарттық, келесі жылда да біраз шығыстарды қысқартып, сондықтан Елбасы осындай сыртқы экономиканың проблемаларын бізге де әсерін беретінін алдын ала біле тұрып Ұлттық қордан қаражатты экономиканың өсуіне көмек беру үшін жіберіп отыр", - деді Сұлтанов.