Б.Обама Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заңға қол қойды

Б Обама Бейсенбі, 18 Желтоқсан 2014 10:30 today.kz АҚШ Президенті Барак Обама Ресейге қарсы жаңа ықпалды шаралар қолдану туралы заңға қол қойды. Ол туралы 17 желтоқсан күні өткен баспасөз мәслихатында АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки мәлім етті.  «Заңға кеше қол қойылды» - деп хабарлады Псаки.   Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесі туралы сұраққа: «Ондай мүмкіндікті жоққа шығармаймыз, дегенмен саясат бұрынғыдай өзгермей қалады»,  -деп жауап берді ол. «Украина бостандығын қолдау туралы заң» негізінен Ресейдің қорғаныс өндірісіне шектеу қояды.  Аталған заң өткен сенбі күні көпшілік дауысымен қабыл болды. Источник: khabar.kz