Жұлдыздардың жаңажылдық кеште ән салуы қанша тұрады?

Жаңа жыл жақындаған сайын, той-томалаққа онсыз да жиі баратын әншілердің қарбалас тірлігі басталады. Comode.kzсайты жұлдыздардың жаңа жылдық кештерде ән шырқауы қанша тұратынын жазды.

Жұлдыздардың жаңажылдық кеште ән салуы қанша тұрады? Бүгінде жаңа жылдық кештерге отандық әртістерді шақыру сәнге айналған. Олар шетелдік әншілерге қарағанда өз қызметтері үшін қымбат алмайды. Одан бөлек, басшылардың өтінішімен, патриоттық әндерді де орындап беруі мүмкін.

Ірі мерекелік іс-шараларда біздің жұлдыздарымыздың деңгейі ресейлік Влад Топалов немесе Сергей Лазаревтен кем түспейді. Өйткені, жергілікті тыңдарман үшін Әли Оқапов пен Әлішер Кәрімовтің әндері жақынырақ. Әрбір әншінің гонорары да әртүрлі. Олардың мерекелік кеште ән айту бағасы аймақтарға байланысты да өзгеріп тұруы мүмкін. Мәселен, Алматыда арзанырақ, Астанада қымбаттау, ал батыс өңірлерде мүлде қымбат. Орта есеппен жұлдыздарға деген жаңажылдық тапсырыс 5-7 мың доллар аралығында. Әртістер көп жағдайда клиенттеріне жеңілдік жасайды, алайда, тап жаңа жыл кешінде мұндай жеңілдікті күтпеген жөн. Себебі, 31 желтоқсан күні әртістің өнер қоюының бағасы екі есеге артады. Гонорардан бөлек тапсырыс беруші әншіге ұшақ билеттерін, тамағын алып беріп, құрметті қонақтың жататын жері мен жүріп-тұруын өз мойнына алады. Алайда, шетелдіктер сияқты емес, біздің әншілердің біразы эконом-класпен ұшудан бас тартпайды. Әдетте, әнші бір кеште шамамен 40 минуттай өнер көрсетеді. Бұл аралықта ол 7-8 ән орындауы мүмкін. Биыл халық арасында ең көп сұранысқа ие әнші деп Айқынды атауға болады. Айқын Төлепбергеновті Алматы мен Астана және Шымкентте жақсы қабылдайды. Ол екі тілде ән шырқауынан бөлек, тыңдарманмен тез тіл табыса алатынымен ерекше. Одан бөлек, "КешYou" тобының сұлу қыздары да көптеген кештерге қонақ болады. Олар ән айтып қана қоймай, би билеп, шоу көрсетіп жүр. Жаңажылдық кештерге ең көп шақырту алатын әншілер қатарында Әли Оқапов, RIN'GO тобы, Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова және Әлішер Кәрімов те бар.

Источник: NUR.KZ