«Протон-М» зымыраны 2025 жылға дейін тек Байқоңырдан ұшырылады

1
1118

2025 жылға дейін «Протон» зымыраны ұшырылады. Одан кейінгі уақытта «Ангара-А5» зымыранын ұшыру жоспарланған. Бұл туралы «Салют» бюросының бас құрастырушысы Юрий Бахвалов мәлімдеді.

Оның айтуынша аталған ғарыштық аппаратты жай зымыран ғана емес, нағыз соғысқа арналған баллистикалық зымыран ретінде шығару керек дейді.

15 желтоқсан күні Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға Ресейдің «Ямал-401» телекоммуникациялық ғарыш аппаратын алып шығу мақсатымен «Бриз-М» жүрдек блогі бар «Протон-М» зымыраны ұшырылды.

Жүрдек блогі бар зымыран биіктігі шамамен 180 километр болатын бастапқы орбитаға 10 минуттың ішінде шықты. Ол жерде блок пен спутник зымыранның үшінші сатысынан бөлініп кетті деп жазады.

Сондай-ақ аталған зымыран Ресейдің Байқоңырдан ұшырып отырған 400-ші аппараты – мерейтойлық ұшырылым деп атады бас құрастырушы Бахвалов.

Енді «Ямалу-401» «Бриза-М» қозғалтқыштарының көмегімен биіктігі 35 мың 675 километр болатын мақсатты геостационарлық орбитаға шығуы көзделген.

Естеріңізге сала кетсек, «Роскосмос» ресми сайты арқылы былтыр ұшырылған дәл осындай зымыран туралы, «2 шілдеде Байқоңыр космодромында «Протон-М» зымыран-тасығышы апатқа ұшырады.

Зымыран-тасығыш құлап, космодром аумағында жарылды деген шағын мәлімдеме тараған болатын. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жайылған улы отынның көлемі 600 тоннадан асады.

Источник: BAQ.KZ

1 Пікір

  1. Апатка ушырагыш емес адейи истелип отырган шаруа халык карсы протон ушуына бирак халыктын созин аякка таптап отырган адамдарга не демекпиз.Жезказган.менКызылорда жерин улауды токтатсын деп тек кудайдан тилейк

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз