ЖЕЛТОҚСАН ЖЕМІСІ - ТӘУЕЛСІЗДІК!

 БАЛАМАСЫ ДА, БАҒАСЫ ДА ЖОҚ ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МЕРЕКЕСІНЕ  халықтың қатысуы жылдан-жылға азайып бара жатыр...

желток-   АТА-БАБА мен АЛАШ АРМАНЫ - БАЛАМАСЫ ДА, БАҒАСЫ ДА ЖОҚ БАРЫМЫЗ бен БАРЫМЫЗ - НАРЫМЫЗ ДА, ЖАНЫМЫЗ - ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ МӘҢГІЛІК БОЛҒАЙ! ТІЛІМІЗ бен ДІНІМІЗ НАҚТЫ БІРЕУ БОЛЫП, ҰЛТТЫҚ ДІЛІМІЗ ОҒАН МЫҚТЫ ТІРЕУ БОЛЫП, КӨК ТУЫМЫЗ КӨККЕ ӨРЛЕЙ БЕРСІН! Бүгін 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі күні Алматыдағы КСРО-ның қабырғасы қақырауына алғашқы қарлығаш болып, Желтоқсан алауын жаққан АЗАТТЫҚ алаңына барып, Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз бен арыстарымызға арнап құран бағыштадық.  ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІНІҢ   ЖЕМІСІ - ТӘУЕЛСІЗДІК екені ақиқат. Ендеше осы екі ұлы  мереке мен еске алуға қатысатын  халықтың жылдан-жылға азайып бара жатқаны көңілге кірбің ұялатады... Биыл бірінші рет  Азаттық монументі алдына құрметті қарауыл қойылып,  әскерлер құрметті сапқа тұрғызылып, шеру жасады. Мемлекетіміздің әнұранын әскери оркестрмен орындады. Оған барлық жиналған халық қосылып, Азаттық алаңында Тәуелсіздік рухы әуелеп тұрды. Бұрын қаптап, полицайлар тұратын еді, "Мына құрметтері  дұрыс екен. Бұл да болса, рухы биік мемлекетшіл қайраткер Иманғали Тасмағамбетовтың Қорғаныс саласын басқаруға келгендегі игі бастамаларының бірі  шығар"-деп түйді жиналған халық.

Қазыбек Исаның Фейсбук парақшасынан.

Тәуелсіздік алаңы

Бүгін 17 желтоқсан - демократиялық жаңғыру күні  Республика  алаңына барып, Желтоқсан ескерткішіне тағзым етіп, Тәуелсіздік жолындағы құрбандарға арнап, дұға оқыдық. Белгілі қаламгерлерден әйгілі ақын, қоғам қайраткері Мұқтар Шаханов пен «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газетінің президенті Қазыбек Иса ғана қатысты. Коғам қайраткерлерінен Жұмабек Ашуұлы, Геройхан Қыстаубаев, «Желтоқсан ақиқаты» қорының төрағасы Бейсенғазы Нүкеұлы, Ғабиден Жәкей, Дәурен Бабамұратұлы, Аманғазы Кәріпжанәулеті, Болат Дүйсенбі т.б. болды. Әншейінде "Тәуелсіздігімізді бағаламайсыңдар, Желтоқсан көтерілісіне қырын қарайсыңдар, демократия қайда?" - деп зарлайтын қаптаған айқайшылар мен шулаған БАҚ-тардан ешқайсысы көрінбеді...  Әдеттегідей, Жазушылар Одағының  777 мүшесінен 7 жазушы да жоқ... Алматы қаласы әкімі орынбасары Зәуреш Аманжолова мен Тілдер басқармасы басшысы Мамай Ахет жүрді. Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жұлдыз» мейрамханасында Желтоқсан боздақтарына арналып ас берілді. Онда көптеген келелі мәселелер сөз болды. Желтоқсан құрбандары Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы айтылды. Алдағы Желтоқсан көтерілісінің 30 – жылдығын мемлекеттік деңгейде өткізу мәселесі талқыланды.

Махамбет Ерғалидың Фейсбук парақшасынан.

Желтоқсан Алаң....Желтоқсан Алаң..