ЖЕЛТОҚСАН ЖЕМІСІ - ТӘУЕЛСІЗДІК!
2014 ж. 17 желтоқсан
7124
5
БАЛАМАСЫ ДА, БАҒАСЫ ДА ЖОҚ ТӘУ ЕТЕР ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ МЕРЕКЕСІНЕ халықтың қатысуы жылдан-жылға азайып бара жатыр...

Қазыбек Исаның Фейсбук парақшасынан.
Бүгін 17 желтоқсан - демократиялық жаңғыру күні Республика алаңына барып, Желтоқсан ескерткішіне тағзым етіп, Тәуелсіздік жолындағы құрбандарға арнап, дұға оқыдық. Белгілі қаламгерлерден әйгілі ақын, қоғам қайраткері Мұқтар Шаханов пен «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, "Қазақ үні" газетінің президенті Қазыбек Иса ғана қатысты. Коғам қайраткерлерінен Жұмабек Ашуұлы, Геройхан Қыстаубаев, «Желтоқсан ақиқаты» қорының төрағасы Бейсенғазы Нүкеұлы, Ғабиден Жәкей, Дәурен Бабамұратұлы, Аманғазы Кәріпжанәулеті, Болат Дүйсенбі т.б. болды. Әншейінде "Тәуелсіздігімізді бағаламайсыңдар, Желтоқсан көтерілісіне қырын қарайсыңдар, демократия қайда?" - деп зарлайтын қаптаған айқайшылар мен шулаған БАҚ-тардан ешқайсысы көрінбеді... Әдеттегідей, Жазушылар Одағының 777 мүшесінен 7 жазушы да жоқ... Алматы қаласы әкімі орынбасары Зәуреш Аманжолова мен Тілдер басқармасы басшысы Мамай Ахет жүрді. Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жұлдыз» мейрамханасында Желтоқсан боздақтарына арналып ас берілді. Онда көптеген келелі мәселелер сөз болды. Желтоқсан құрбандары Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асановаға «Халық қаһарманы» атағын беру туралы айтылды. Алдағы Желтоқсан көтерілісінің 30 – жылдығын мемлекеттік деңгейде өткізу мәселесі талқыланды.Махамбет Ерғалидың Фейсбук парақшасынан.