Қарағандыда шахтерлар ереуілге шықты

Тентек шахтасының жұмыскерлері бір жарым жылдан бері бақыр тиын көрмедік дейді. Компания бүгінде жиырмаға жуық жұмыскердің әрқайсысына бір миллион теңгеден астам қаржы берешек екенін жасырмайды.

Қарағандыда шахтерлар ереуілге шықты

Фото: Азаттық

Бірақ, қолдан келер шара жоқ деп қол қусырып отыр. Бұл сомма аты шулы Арселор Миттал Теміртаудың тек бір жұмыскердің алдындағы қарызы. Несиесі өсіп, қарызы көбейген бұл азаматтан бөлек тағы жиырмадан асқан кенші бар. Олар Тентек шахтасының кеңсесіне баса көктеп кіруге мәжбүр болды. Себебі, басшылықтың ертең береміз деген уәделері бір жарым жылдан бері орындалмай келеді. Тек аванспен күн көрген отағалар, жұмыс істеуге ешқандай жағдай да қарастырылмаған дейді. "Ешқандай жағдай жасалмаған. Келісімшарт қойылмаған бізбен бірге істеуге. Береміз деп уәде етеді. Ал беріп жатқан ешкім жоқ", - дейді жұмыстар. Ал былтырғы жылдың мамыр айында Арселор Миталл Теміртау компаниясымен келісімшартқа отырған мердігерлер кеншілерге "ақшаны өз қалтамыздан төлеп келдік" дейді. Үш жүз миллион алашағымыз бар деген басшылық ақша сұрап Англияда жатқан Арселордың кеңсеніне де хабарласқан. "Біз оларға күнде хабарласамыз. Күнде бір уәдені айтады. Бірақ оны орындамайды. Белгіленген ақша былтыр төленуі тиіс еді. Содан бері созып келе жатыр", - дейді Горный компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Евгений Николаев. Мердігердің жұмысшылар алдындағы берешегі қазірдің өзінде 100 млн асыпты. Шыдамы шегіне жеткен еңбеккерлер жалақымызды бір жарым жылдан бері көрмедік дейді. Белгіленген шаруаның көбін орындаған жұмысшылар бүгін ертең ақшамыз берілмесе, наразылық акциясына шығамыз деп отыр. Еске сала кетсек, өткен компания басшысын қабылдаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Митталға жұмысшылардың жалақыcын кешіктірмеуді ескерткен еді.

Источник: 31 канал