Әлем бойынша әуебилеттерінің құны төмендейді

1
2602

Мұнай бағасының төмендеуі үдерісі аясында әуе көлігі билеттерінің құны да төмендейді. Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мәлімдеді.

Әлем бойынша әуебилеттерінің құны төмендейді

Оның бағалауы бойынша әуе компаниялары отынға қосымша алымдарды жолаушылар рейстері үшін орташа есеппен 5 пайызға және жүк тасымалына 5,8 пайызға қысқартады.

Бұл өз кезегінде тасымал көлемін арттыруды ынталандырады. Әлемдегі әуе компанияларының 85 пайызын яғни әлем бойынша 240 әуе компанияларын біріктіріп отырған қауымдастықтың мәліметіне қарағанда, 2014 жылда саладағы жиынтық кірістің болжамы $18 млрд-тан $20 млрд-қа дейін артады.

Мұнай бағасының құлдырауы салдарынан 2015 жылы оның көрсеткіші $25 млрд-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Источник: ИА «Казинформ»

1 Пікір

  1. Алматыдан.Карагандыга ушу ушин 33.000тенге.осы багаларды ойлап тапкандар оздерин жемкорга жаткызбай ма екен.алемде арзандаганмен бизде …ай кайдам

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз