Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге қатысы бар Өтембаевтың бостандыққа шыққаны - заңның жоқтығы!!!

алтынбек 1

Астана сотының апелляциялық алқасы Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін 13 жылға сотталғанөтембаев Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты мерзімнен бұрын шартты босату туралы қаулыны күшінде қалдырды.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары агенттігінің тілшісі сот залынан хабарлады. 2014 жылғы қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарған болатын. Сот шешіміне Өтембаевтың өз жазасының үштен екісін өтеуі, оның мінездемесінің оң болуы, колония режимін бұзбағаны және түзеу мекемесі әкімшілігі тарапынан 16 рет ынталандыруға ие болуы ықпал етті. "Сот қаулы етті: Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының 2014 жылғы 7 қарашадағы сотталушы Өтембаевты жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, жәбірленушілердің, жәбірленушілердің өкілдерінің жеке шағымы қанағанттандырусыз қалдырылсын", - деді Астана қаласы сотының апелляциялық сот алқасының судьясы Алма Есімова. Өтембаев 2006 жылы қазақстандық саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге жәрдемдескені үшін сотталған болатын. Сот оны тапсырыс беруші деп таныған еді. Жеті жылдан соң - 2013 жылдың желтоқсанында Бас прокуратура тапсырысты орындаушы Рустам Ибрагимовтың кісі өлтіруге нағыз тапсырыс бергендерді атағанын айтты, олар халықаралық іздеуде жүрген Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев болып шықты. Содан кейін Ержан Өтембаевқа қатысты қылмыстық іс қайта қаралды.