Рахат Әлиевке осы айда айып тағылады
2014 ж. 12 желтоқсан
1929
1
Таяуда Вена прокурорлары айыптау қорытындысын аяқтайды. Басылымның мәліметінше, қылмыстық істің қозғалуына Рахат Әлиевтің әрекеттерінен зардап шеккен "Тағдыр" қоры бастамашы болды.
Бұған дейін Мальта соты Әлиевтің қинау әдістерін қолдануы туралы істі тергеуге тыйым салған болатын. Сот өкілдерінің пікірінше, Әлиев Мальта азаматы болмағаннан кейін қылмыстық іс фигуранты ретінде қаралмайды. Қинау әдістері туралы шағымды Әкежан Қажыгелдиннің бұрынғы оққағарлары Петр Афанасенко мен Сәтжан Ыбыраев түсірген болатын.
Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 5 маусымда Венада ұсталды. Оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануы мен өлтірілуі туралы іс материалдары негіз болды. Вена прокуратурасының өкілі Томас Вичай егер Рахат Әлиевтің адвокатынан тиісті өтініш түссе, айыпталушының қамаудан кепілдікпен босатылмайтынын айтты. Бұрынғы елшіге Қазақстанда 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім сырттай шығарылды. Кейін Рахат Әлиевтің саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісінің өлтірілуіне қатысы бар екені белгілі болды. Бұл іс бойынша сотталған Ержан Өтембаев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға өтініш берді, сот өтінішті қанағаттандырды.
Тengrinews.kz