Сенаторлар үшемдерге үй бермеген Үкіметті қатаң сынға алды

Үшемдердің мәселесі Үкімет пен Сенатты қырқыстырып қойды. Бүгін бір топ сенатор үшемдерге пәтер беруден бас тартқан министрлер кабинетін қатал сынға алып, тұрғынүй қатынастары туралы заң жобасын қайта қарауды талап етті.

Сенаторлар үшемдерге үй бермеген Үкіметті қатаң сынға алды Үшемдерге кезексіз пәтер беру идеясының авторы Қуаныш Айтахановты бүгін қалған әріптестері түгел қолдап, Үкіметке сес көрсетті.

Сенаторлардың айтуынша, жыл сайын елімізде 60-қа жуық үшем туылады. Сол отбасыларға 3 бөлмелі пәтер бөлу үшін жылына бюджеттен 500 миллион теңге ғана жұсамалады екен. Бірақ шенеуніктер жарты миллиард теңгені көпсініп әрі артық ашқа жоқ деп бастарын ала қашуда. Тіпті жергілікті әкімдіктердің үшем туылған шаңырақтарға үй беруін заңдастырайық деген ұсыныс та қолдаусыз қалдырған. "Жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде мүмкіндігінше шешіп жатыр. Әртүрлі жолмен. Бірақ, ол заңсыз. Біздің бар жоғы өтінішіміз – сол жергілікті әкімдерге заңды жолын тауып берейік деп едік. Бір жерге жазып, әкімдердің осыны шешуге заңды құқы бар деген сөз жазылса болды, басқа ештеңе сұрамаймыз. Алайда, өзіміздің туған Үкіметіміз бұл мәселені қолдауға шамасы келмеді. Өте өкінішті", - деді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Источник: КТК арнасы