Сенаторлар үшемдерге үй бермеген Үкіметті қатаң сынға алды

2
1338

Үшемдердің мәселесі Үкімет пен Сенатты қырқыстырып қойды. Бүгін бір топ сенатор үшемдерге пәтер беруден бас тартқан министрлер кабинетін қатал сынға алып, тұрғынүй қатынастары туралы заң жобасын қайта қарауды талап етті.

Сенаторлар үшемдерге үй бермеген Үкіметті қатаң сынға алды
Үшемдерге кезексіз пәтер беру идеясының авторы Қуаныш Айтахановты бүгін қалған әріптестері түгел қолдап, Үкіметке сес көрсетті.

Сенаторлардың айтуынша, жыл сайын елімізде 60-қа жуық үшем туылады. Сол отбасыларға 3 бөлмелі пәтер бөлу үшін жылына бюджеттен 500 миллион теңге ғана жұсамалады екен.

Бірақ шенеуніктер жарты миллиард теңгені көпсініп әрі артық ашқа жоқ деп бастарын ала қашуда. Тіпті жергілікті әкімдіктердің үшем туылған шаңырақтарға үй беруін заңдастырайық деген ұсыныс та қолдаусыз қалдырған.

«Жергілікті атқарушы органдар қазірдің өзінде мүмкіндігінше шешіп жатыр. Әртүрлі жолмен. Бірақ, ол заңсыз. Біздің бар жоғы өтінішіміз – сол жергілікті әкімдерге заңды жолын тауып берейік деп едік. Бір жерге жазып, әкімдердің осыны шешуге заңды құқы бар деген сөз жазылса болды, басқа ештеңе сұрамаймыз. Алайда, өзіміздің туған Үкіметіміз бұл мәселені қолдауға шамасы келмеді. Өте өкінішті», – деді сенатор Қуаныш Айтаханов.

Источник: КТК арнасы

2 ПІКІРЛЕР

  1. Елдің өсуін, ертеңін ойламайтын үкіметті қайта жасақтау қажет. Халықтың өсуін тежемек болғандарды кім деуге болады? Алдыңғы пікірді қолдаймын.

  2. Бұл шетелдіктерді жарылқағыш, қазақтың қазақ емес сорлы үкіметі қазақты Қазақстанда көбейтуге қарсы күресіп жүрген көзқамандардан тұрады. Бұл «сүйексіздер» қазақты емес, өздерін шетелдіктерге жақсы көрсету үшін қытай мен папуасты әкеліп соларға азаматтық беруді аңсап жүргендер шетінен. Бұлар қазақтың нанын жеп есірген «арам шөптер», ата жаулардың, «шолақ белсенділердің» тұқымдары. Мұндай үкіметтен қазаққа аспандағы айдың жарығы пайдалы. Бұл мемлекетті басқарып отырғандар қазақтың жасырын жаулары, шындығында солай! Бұлардың арманы қазақтан қазақ жерін тезірек босатып, ресей мен қытайға жерімізді бөліп беру…
    Ресейлік 7 сынақ полигоны мен 3 космодромдары арқылы, гептилмен улап жасырын геноцидттер мен этноцид жасап жүргендерді таяқтап қуып, бәрін Құсмұрын түрмесіне айдау керек!
    Кенесары мен Махамбеттердің рухын оятпасақ болмайды! Онсыз ел болмаймыз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз