Қарағанды әкімінің орынбасары болып елбасынан ескерту алған шенеунік тағайындалды

Қарағанды әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды деп мәлімдеді қала әкімінің баспасөз қызметі.

 Қарағанды әкімінің орынбасары болып елбасынан ескерту алған шенеунік тағайындалды Тайхан Қалмаханов

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды. Қарағанды әкімінің өкімімен қала әкімінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Тайхан Қалмаханов тағайындалды. 38-жастағы Қалмахановтың үш жоғары білімі бар: "режиссер, суретші- мультипликатор" мамандығы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты, "қаржы бакалавры" және "құрылыс бакалавры" мамандықтары бойынша Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қарағанды қалалық шаруашылық және құрылыс, сәулет және абаттандыру басқармаларында қызмет етті. Қарағандының сәулет және құрылыс бөлімін басқарды. Мемлекеттік қызметтен кеткеннен соң бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді.

Еске сала кетсек, Тайхан Қалмаханов президенттің министрлер мен шенеуніктерге қатысты, мереке уақытында елден шетел асып шығуға болмайды деген үкіміне құлақ аспай 2012 жылы қызметінен қуылған болатын.

Сонымен қатар Қарағанды әкімі аппаратының басшысы болып Арман Оспанов тағайындалды. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/344310.ht32-жастағы Оспановтың жоғары білімі бар, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі. Мемлекеттік қызметте 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Қарағанды және Қарағанды облысы әкімдіктерінде, Балқаш әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарды атқарды. Орталық атқарушы органдарында жұмыс тәжірибесі бар. Қазірге дейін Қарағанды әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервінен "Қарағанды қаласы Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының лауазымына Мұрат Қамалиев тағайындалды. 39 жастағы Қамалиевтің үш жоғары білімі бар: экономикалық, заңгерлік, педагогикалық. Теміртауда прокуратура органдарында қызмет етті, ЖОО-ларда оқытушы, Қарағанды қалалық мәслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы, жер қатынастары бөлімінде бас маман болды. Осы тағайындауға дейін Қарағанды әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімін басқарған.

Источник: NUR.KZ